Қазақстанда Құрық порты арқылы жүк тасымалдау көлемі жыл басынан бері 15%-ке артты

Порт Курык - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және т.б. тасымалданады
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. 2023 жылдың 10 айында Құрық теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 15%-ке жоғары, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, оның ішінде 1,2 млн тоннадан астамы портқа темір жол көлігімен жеткізілді. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17% құрады.
"Порт 600-ге жуық паромды, 16,5 мыңнан астам вагонды, 23,6-дан астам жүк және жеңіл автокөлік құралдарын өңдеді", - делінген компания хабарламасында.
Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және т.б. тасымалданады.
Импортты азық-түлік, өндірістік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да жүктер құрайды.
Порт арқылы транзитпен жабдық, электроника, тоқыма, химия өнеркәсібі өнімдері, металдан жасалған бұйымдар өтеді.
Глава государства принял управляющего директора Abu Dhabi Ports Group Мухаммеда Жуму аль-Шамиси - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясымен Ақтау мен Құрық порттарын дамытуды талқылады
Жаңалықтар
0