https://sputnik.kz/20231127/prezident-abu-dhabi-ports-group-kompaniyasymen-aqtau-men-quryq-porttaryn-damytudy-talqylady-40465088.html
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясымен Ақтау мен Құрық порттарын дамытуды талқылады
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясымен Ақтау мен Құрық порттарын дамытуды талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлайды... 27.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-27T12:16+0500
2023-11-27T12:16+0500
2023-11-27T12:16+0500
қасым-жомарт тоқаев
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1b/40464047_0:60:1280:780_1920x0_80_0_0_6ebd08c0899f15c6c91911d36bc9e1a8.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесу барысында мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады. Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын "Солтүстік – Оңтүстік" бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1b/40464047_80:0:1200:840_1920x0_80_0_0_6e7216a7989efac61a4ab47aa65ae665.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ақтау
қасым-жомарт тоқаев, ақтау
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясымен Ақтау мен Құрық порттарын дамытуды талқылады
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.
Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын "Солтүстік – Оңтүстік" бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.