https://sputnik.kz/20231128/petropavlda-qyzylsha-zhuqtyrgan-kursanttar-sany-eki-ese-osti-40494081.html
Петропавлда қызылша жұқтырған курсанттар саны екі есе өсті
Петропавлда қызылша жұқтырған курсанттар саны екі есе өсті
Sputnik Қазақстан
Оқу мекемесінде екпе егілгенін растайтын құжаты жоқ курсанттарды вакциналау науқаны аяқталуға жақын 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T16:25+0500
2023-11-28T16:25+0500
2023-11-28T16:25+0500
өңірлер
петропавл
қызылша
курсант
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Петропавлдағы әскери институтта қызылша жұқтырған курсанттар саны екі есе өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Егер 23 қарашадағы жағдай бойынша 15 курсант қызылша жұқтырса, қазір олардың саны 29-ға жетіп отыр.Оның айтуынша, №3 қалалық емхана науқастармен байланыста болған курсанттарға бақылау жүргізуде. Олардың саны – 1306, оның 715-і вакцина алуы керек, ал 656 курсантқа екпе егілген.Солтүстік Қазақстан облысында барлығы "қызылша" диагнозымен 52 адам медициналық мекемеге жатқызылған. Соның ішінде 43-і – Петропавлда, қалғандары – аудандарда.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, бүгін таңертеңгі жағдай бойынша инфекциялық стационарда қызылшамен 12 бала жатыр.Бұған дейін жыл басынан бері қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелгені хабарланған болатын. Ауру жұқтырғандардың көбі – балалар.Қызылша барлық өңірде тіркелген. Инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі Шымкентте тұрады. Ол жақта 3 мыңнан астам адам қызылшаны жұқтырған. Алматы қаласы мен Жамбыл облысында 2 мыңнан астам жағдай, ал Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында 1 мыңнан астам жағдай тіркелген.
https://sputnik.kz/20231128/qyzylsha-auruy-payda-bolu-sebepteri-men-emdeu-zholdary-40488593.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, қызылша, курсант
петропавл, қызылша, курсант
Петропавлда қызылша жұқтырған курсанттар саны екі есе өсті
Оқу мекемесінде екпе егілгенін растайтын құжаты жоқ курсанттарды вакциналау науқаны аяқталуға жақын
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Петропавлдағы әскери институтта қызылша жұқтырған курсанттар саны екі есе өсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Егер 23 қарашадағы жағдай бойынша 15 курсант қызылша жұқтырса, қазір олардың саны 29-ға жетіп отыр.
"Қазіргі таңда Бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде Ұлттық ұлан академиясының 25 курсанты емделіп жатыр. Төрт курсант ауруханадан жазылып шықты. Ауру бәрінде жеңіл және орташа дәрежеде өтіп жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ", - деп мәлімдеді Sputnik-ке СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.
Оның айтуынша, №3 қалалық емхана науқастармен байланыста болған курсанттарға бақылау жүргізуде. Олардың саны – 1306, оның 715-і вакцина алуы керек, ал 656 курсантқа екпе егілген.
Солтүстік Қазақстан облысында барлығы "қызылша" диагнозымен 52 адам медициналық мекемеге жатқызылған. Соның ішінде 43-і – Петропавлда, қалғандары – аудандарда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, бүгін таңертеңгі жағдай бойынша инфекциялық стационарда қызылшамен 12 бала жатыр.
Бұған дейін жыл басынан бері қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелгені хабарланған болатын. Ауру жұқтырғандардың көбі – балалар.
Қызылша барлық өңірде тіркелген. Инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі Шымкентте тұрады. Ол жақта 3 мыңнан астам адам қызылшаны жұқтырған. Алматы қаласы мен Жамбыл облысында 2 мыңнан астам жағдай, ал Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында 1 мыңнан астам жағдай тіркелген.