Жыл соңына дейін 3,6 мың үлескер баспаналы болады – Астана әкімі

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
2029 жылға дейін бұзылатын апатты үйлердің тізімі жасалды
АСТАНА, 27 қараша– Sputnik. Астанада жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандардың 3 мың 600 үлескері жыл соңына дейін баспана кілтін алады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында жаззды.
Оның айтуынша, азаматтарды жеке қабылдау кезінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер жиі көтеріледі.
"Тұрғын үй мәселесі жөнінде бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Атап айтқанда, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй салу, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары қолға алынған", - дейді әкім.
Ол кезекте тұрғандар арасында түрлі санаттар бойынша 1,4 мың отбасы баспаналы болғанын атап өтті.
"Сол сияқты жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандардың 3 мың 600 үлескері баспана кілтін алады. "Elorda Zhastary" жеңілдетілген жастар тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1,9 млрд теңгеге 112 займ берілді", - деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар апатты үйлерді бұзып, тұрғындарға жаңа тұрғын үй беру үшін тұрғын үй қоры жаңартылып жатыр.
Қазіргі уақытта 2029 жылға дейін бұзылатын апатты үйлердің тізімі жасалды. Тізімге 4 710 пәтері бар 206 апатты үй енгізілді.
 Снос ЖК Территория комфорта - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр
Жаңалықтар
0