https://sputnik.kz/20230711/astanada-tort-mynga-zhuyq-ulesker-baspanaga-qol-zhetkize-almay-zhur-36717015.html
Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр
Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жқніндегі кеңесте тұрғын үй құрылысын ретке келтіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik... 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T14:02+0500
2023-07-11T14:02+0500
2023-07-11T14:02+0500
қасым-жомарт тоқаев
астана
құрылыс
үлескерлер
жеңіс қасымбек
https://sputnik.kz/img/1150/76/11507648_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_22c7314b52f244cd700f148db61b8c79.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жқніндегі кеңесте тұрғын үй құрылысын ретке келтіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша, қаланы дамытуда жүйелілік болмағандықтан шаһарда орынсыз құрылыстар көбейіп кеткен."Қаланы көркейтіп, жұртқа қолайлы жағдай жасау басты назарда болуға тиіс. Алайда, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі басым түсіп жатады. Қаланы дамыту ісінде бірізділік болмаған соң, орынсыз құрылыс көбейіп кетті. Әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындар болуға тиіс жерлерде тұрғын үй кешендері салынды", - деді Тоқаев.Президент кейбір компаниялар мораторийді желеу етіп, құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары болмаса да, жұмыс істеп жатқанын айтты."Сондай-ақ үлескерлерден заңсыз қаражат жинайды. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Әкімдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұл үрдіске тосқауыл қоюы керек. Мұның бәрі жаңа проблемалық нысандардың пайда болуына әкеп соқтырады. Әкімдік көз жұмып отыра берсе, бұл мәселе ушығып кетеді", - деді мемлекет басшысы.Тоқаев сондай-ақ әкімдікке үлескерлер мәселесін шешуді тапсырды."Бүгінде Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Бұл – өткір мәселе. Оны шешу үшін батыл қадамдар жасау қажет. Қазір бұл бағытта атқарылып жақтан жұмыстар жеткіліксіз. Биыл үлескерлері бар 16 үйдің құрылысын аяқтау керек. Жыл соңына дейін бұл мәселе толық шешімін табуға тиіс. Осындай құрылыстардың қайта пайда болуына жол бермеу қажет", - деді президент.
https://sputnik.kz/20230711/toqaev-zhenis-qasymbekke-bir-zhyl-uaqyt-berdi-36713336.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1150/76/11507648_177:0:2908:2048_1920x0_80_0_0_d2fc648198386c0d462405415d09c95b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, астана, құрылыс, үлескерлер, жеңіс қасымбек
қасым-жомарт тоқаев, астана, құрылыс, үлескерлер, жеңіс қасымбек
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жқніндегі кеңесте тұрғын үй құрылысын ретке келтіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі таңда Астанада 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Өкінішке қарай, құрылыс қарқыны жоғары болғанымен, сапаға көңіл бөліне бермейді. Бұл салада олқылықтар өте көп", - деді президент.
Оның айтуынша, қаланы дамытуда жүйелілік болмағандықтан шаһарда орынсыз құрылыстар көбейіп кеткен.
"Қаланы көркейтіп, жұртқа қолайлы жағдай жасау басты назарда болуға тиіс. Алайда, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі басым түсіп жатады. Қаланы дамыту ісінде бірізділік болмаған соң, орынсыз құрылыс көбейіп кетті. Әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындар болуға тиіс жерлерде тұрғын үй кешендері салынды", - деді Тоқаев.
Президент кейбір компаниялар мораторийді желеу етіп, құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары болмаса да, жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Сондай-ақ үлескерлерден заңсыз қаражат жинайды. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Әкімдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұл үрдіске тосқауыл қоюы керек. Мұның бәрі жаңа проблемалық нысандардың пайда болуына әкеп соқтырады. Әкімдік көз жұмып отыра берсе, бұл мәселе ушығып кетеді", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев сондай-ақ әкімдікке үлескерлер мәселесін шешуді тапсырды.
"Бүгінде Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Бұл – өткір мәселе. Оны шешу үшін батыл қадамдар жасау қажет. Қазір бұл бағытта атқарылып жақтан жұмыстар жеткіліксіз. Биыл үлескерлері бар 16 үйдің құрылысын аяқтау керек. Жыл соңына дейін бұл мәселе толық шешімін табуға тиіс. Осындай құрылыстардың қайта пайда болуына жол бермеу қажет", - деді президент.