https://sputnik.kz/20230711/toqaev-zhenis-qasymbekke-bir-zhyl-uaqyt-berdi-36713336.html
Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді
Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт... 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T13:04+0500
2023-07-11T13:04+0500
2023-07-11T13:04+0500
елорда тынысы
қасым-жомарт тоқаев
жеңіс қасымбек
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36711453_0:45:1280:765_1920x0_80_0_0_009413e95109e495617824d998ba80ec.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт берді, деп хабарлайды Ақорда.Президент Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс екенін айтты. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады.Айтуынша, елорданы дамытуға қатысты барлық мәселені жан-жақты ойластырып шешу маңызды. Ол үшін "Астананың мәртебесі туралы" заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажет. Заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керек."Астана тұрақты даму үшін оны тиімді әрі сапалы басқару қажет. Жалпы, Астананы өркендету үшін, ең алдымен, әкімдік, кәсіпкерлер және тұрғындар арасында сенімді серіктестік орнату қажет. Басты міндет – әрбір азаматтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осыны дұрыс түсінген жөн", - деді президент.Айта кетері, кеңесте елорданы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз ету, үш ауысымды мектеп, интернет және тағы басқа өзекті мәселелер қаралды.
https://sputnik.kz/20230711/zhauapty-basshylardyn-biliksizdiginen-zhagday-mushkil---prezident--36713102.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36711453_101:0:1180:809_1920x0_80_0_0_0108b1712ac130d28d3b143654d7d119.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жеңіс қасымбек
қасым-жомарт тоқаев, жеңіс қасымбек
Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт берді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс екенін айтты. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады.
"Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін"", - деді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Айтуынша, елорданы дамытуға қатысты барлық мәселені жан-жақты ойластырып шешу маңызды. Ол үшін "Астананың мәртебесі туралы" заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажет. Заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керек.
"Астана тұрақты даму үшін оны тиімді әрі сапалы басқару қажет. Жалпы, Астананы өркендету үшін, ең алдымен, әкімдік, кәсіпкерлер және тұрғындар арасында сенімді серіктестік орнату қажет. Басты міндет – әрбір азаматтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осыны дұрыс түсінген жөн", - деді президент.
Айта кетері, кеңесте елорданы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз ету, үш ауысымды мектеп, интернет және тағы басқа өзекті мәселелер қаралды.