https://sputnik.kz/20231127/astanada-baspana-kezeginde-turgandar-12-mln-tengege-aldangan-40468158.html
Астанада баспана кезегінде тұрғандар 12 млн теңгеге алданған
Астанада баспана кезегінде тұрғандар 12 млн теңгеге алданған
Sputnik Қазақстан
Елорда тұрғыны мемлекеттен пәтер алуға кезекке тұрғандарды алдап келген 27.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-27T21:16+0500
2023-11-27T21:16+0500
2023-11-27T21:16+0500
астана
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Астанада баспана кезегін жылжыту қызметін ұсынған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, алаяқ мемлекеттен пәтер алуға кезекке тұрғандарды алдаған.Күдікті қамауға алынған жоқ. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде барлық материал сотқа жолданады.Айта кетері, 20-22 қараша аралығында республика аумағында "Hi-tech" ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Ол үшін аумақтық департаменттерде жедел қызметкерлер, сондай-ақ тергеу және криминалистикалық бөлімшелер қатарынан мамандандырылған жедел іздестіру топтары құрылды. Үш күннің ішінде республика бойынша 125 аса киберқылмыс тіркелді.
https://sputnik.kz/20231127/zhyl-sonyna-deyin-36-myn-ulesker-baspanaly-bolady--astana-akimi-40466716.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астанада баспана кезегінде тұрғандар 12 млн теңгеге алданған
Елорда тұрғыны мемлекеттен пәтер алуға кезекке тұрғандарды алдап келген
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Астанада баспана кезегін жылжыту қызметін ұсынған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, алаяқ мемлекеттен пәтер алуға кезекке тұрғандарды алдаған.
"Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас 25 фактіге қатысы бар екендігі дәлелденді, соның салдарынан азаматтарға 12 млн теңгеден астам залал келтірілген", - деді Сүйінбай бүгінгі онлайн брифингте.
Күдікті қамауға алынған жоқ. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде барлық материал сотқа жолданады.
Айта кетері, 20-22 қараша аралығында республика аумағында "Hi-tech" ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Ол үшін аумақтық департаменттерде жедел қызметкерлер, сондай-ақ тергеу және криминалистикалық бөлімшелер қатарынан мамандандырылған жедел іздестіру топтары құрылды. Үш күннің ішінде республика бойынша 125 аса киберқылмыс тіркелді.