https://sputnik.kz/20231127/alty-onirde-mugedektigi-bar-balalarga-arnalgan-syyymdylygy-shagyn-uyler-ashyldy-40460104.html
Алты өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды
Алты өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды
Sputnik Қазақстан
Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог кабинеттері бар 27.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-27T09:42+0500
2023-11-27T09:42+0500
2023-11-27T09:42+0500
қоғам
шағын үй
мүгедек
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Жеке секторды тарта отырып арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру аясында еліміздің алты өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ведомство ақпаратынша, сыйымдылығы шағын үйлер құру – Әлеуметтік кодексте белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясындағы жұмыс бағыттарының бірі.Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатысып жатыр: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары. Сыйымдылығы шағын үйлер 130 орынға есептелген.Мүгедектігі бар балаларға арналған шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі, атап айтқанда әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетіледі.Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог және тағы басқа кабинеттер бар.Министрлік атап өткендей, сыйымдылығы шағын үйде қызмет көрсету – стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың ата-аналары жұмысқа шығып, отбасының әл-ауқатын арттыра алады.Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үй 2023 жылы 4 шілдеде Қарағандыда ашылды. Осындай сыйымдылығы шағын үйлер биыл Көкшетау, Шымкент, Астана қалаларында және Түркістан облысында ашылды. Қараша айында Орал қаласында тағы бір "Ақ ниет" сыйымдылығы шағын үй пайдалануға берілді.
https://sputnik.kz/20231017/mugedektigi-bar-adamdardyn-tuystaryna-kutim-zhasagany-ushin-103-myn-tenge-tolenedi-39422073.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шағын үй, мүгедек
Алты өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды
Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог кабинеттері бар
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Жеке секторды тарта отырып арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру аясында еліміздің алты өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство ақпаратынша, сыйымдылығы шағын үйлер құру – Әлеуметтік кодексте белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясындағы жұмыс бағыттарының бірі.
"Ірі интернат үйлерінде қызмет көрсетуден шағын жинақты әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу көзделеді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарта отырып арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жүзеге асырылады. Сыйымдылығы шағын үйлерді мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тікелей ашу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатысып жатыр: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары. Сыйымдылығы шағын үйлер 130 орынға есептелген.
Мүгедектігі бар балаларға арналған шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі, атап айтқанда әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетіледі.
Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог және тағы басқа кабинеттер бар.
Министрлік атап өткендей, сыйымдылығы шағын үйде қызмет көрсету – стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың ата-аналары жұмысқа шығып, отбасының әл-ауқатын арттыра алады.
Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үй 2023 жылы 4 шілдеде Қарағандыда ашылды. Осындай сыйымдылығы шағын үйлер биыл Көкшетау, Шымкент, Астана қалаларында және Түркістан облысында ашылды. Қараша айында Орал қаласында тағы бір "Ақ ниет" сыйымдылығы шағын үй пайдалануға берілді.