Қоғам

Мүгедектігі бар адамдардың туыстарына күтім жасағаны үшін 103 мың теңге төленеді

© Fotolia / Peter AtkinsАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшелері көмекші ретінде жұмысқа орналасып, туысына күтім жасағаны үшін айлық алады
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар туыстарына күтім жасайтын қазақстандықтарға қанша жалақы төленетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, Әлеуметтік кодекс аясында мүмкіндігі шектеулі адамға қызмет көрсету ісіне отбасы мүшелерін тарту жұмысы басталды. Яғни мүгедектігі бар туысына күтім жасайтын қазақстандықтар жеке көмекші ретінде жұмысқа тұрып, жалақы ала алады.
"Келісімшарт жергілікті органның осы жұмыстарды атқаратын құзыретті органымен жасалады. Жалақының көлемі – 103 мың теңге. Осы ақшадан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, медициналық сақтандыру қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалып отыр", - деді Жақыпова үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, биылдан бастап Әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар адамдардың туыстары күтім жасағаны үшін жалақы алу мүмкіндігіне ие болды.
Отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарнасы аударылады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Мүгедек жандардың туыстарына күтім жасағаны үшін еңбекақы төленеді
Жаңалықтар
0