Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімі: бірқатар лауазымды тұлғалар сөгіс алды

© Photo : pixabay.comДевочка, иллюстративное фото
Девочка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Жыл басынан бері облыста балаларға қатысты 250-ге жуық заңға қайшы келетін фактілер анықталған, оның 66-сы Екібастұз қаласында
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Екібастұзда балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бесқауға ауылындағы жеті жасар Милана Давыдовамен болған жан түршігерлік оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді. Бейбіт уақытта балалар сіз бен біздің кінәмізден, ересектердің кінәсінен қаза болуда", - деді Асайын Байханов.
Облыс әкімі өткен жылдың ақпан айында "маугли-балалармен" болған оқиғаны еске салып, одан ешкімнің сабақ алмағанын атап өтті. Өңір басшысы отбасындағы келеңсіздіктерді алғашқылардың бірі болып байқайтын мұғалімдердің назарын аударды: мектепте 17 мұғалім мен 51 оқушы бар. Екібастұздың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрағасының әлсіз жұмысы, учаскелік полиция қызметкері және Бесқауға ауылының әкімі тарапынан олқылықтар бар.
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазинаның мәліметінше, жыл басынан бері балаларға қатысты 250-ге жуық заңға қайшы келетін фактілер анықталған, оның 66-сы Екібастұз қаласында. Мамандар мұндай жоғары көрсеткішті қорғаншылық органдары мамандарының және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың жеткіліксіз санымен байланыстырады.
Екібастұз әкіміне Давыдовтар отбасын бақылауға алу тапсырылды.
Жиналыста 17 қараша күні Шідерті кентінде қайтыс болған сегіз айлық балаға қатысты тағы бір сұмдық жағдай қаралды. Облыс әкімі жағдайды егжей-тегжейлі түсініп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Жиналыс қорытындысы бойынша өңір басшысы лауазымды тұлғаларға жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Әлеуметтік саланың жұмысына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары – Айзада Құрмановаға, Екібастұз қаласының әкімі – Аян Бейсекинге, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары – Самал Айтқазина мен Альмира Дисюповаға сөгіс жарияланды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2023
Із-түзсіз жоғалған 7 жасар Милананың анасы адам өлтірді деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0