Із-түзсіз жоғалған 7 жасар Милананың анасы адам өлтірді деген күдікке ілінді

© Photo : Предоставлено ДП Павлодарской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2023
Жазылу
Әйелмен бірге оның танысы да ұсталды – екеуі де жасаған қылмысын мойындады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Полиция Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады.
"Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Милана Давыдованың жоғалып кетуінің мән-жайы мен себебі анықталды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен анасы мен оның танысын ұстады, ер адам әйелдің өтінішімен қылмыстың ізін жасырған", - деді полиция қызметкерлері.
Ұсталғандар қылмысын мойындады.
Кісі өлтіру фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0