https://sputnik.kz/20231123/pavlodar-oblysynyn-eriktileri-shidertide-8-aylyq-sabidin-ashtyqtan-koz-zhumganyn-khabarlady-40361039.html
Павлодар облысының еріктілері Шідертіде 8 айлық сәбидің аштықтан көз жұмғанын хабарлады
Павлодар облысының еріктілері Шідертіде 8 айлық сәбидің аштықтан көз жұмғанын хабарлады
Sputnik Қазақстан
Көз жұмған сәбиге медициналық сараптама жасалды, оның нәтижесі гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T09:31+0500
2023-11-23T09:31+0500
2023-11-23T09:31+0500
павлодар облысы
сәби
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Павлодар облысы Шідерті ауылында 8 айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы Vita еріктілер ұжымы хабарлады.Ұйымның мәліметінше, бала аштықтан көз жұмған. Отбасындағы өзге балалар да қатты ашыққан. Еріктілер өңір тұрғындарын балалар үшін өмір сүруге қолайсыз отбасылар туралы хабарлауға шақырды. Сәбидің көз жұмғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Алайда өлімнің себебі әлі белгісіз."Жедел жәрдем станциясы 17 қарашада Шідерті ауылында 2023 жылы туған сәбидің өлімі тіркелді. Сәбидің тұрақты тұрғылықты жері Павлодар қаласы деп көрсетілген. Сәбидің ата-анасы Шідерті ауылында медициналық көмекке жүгінбеген", - делінген басқарма хабарламасында.Көз жұмған сәбиге медициналық сараптама жасалды, оның нәтижесі гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзда балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізіп, сегіз айлық балаға қатысты жағдай қаралды. Облыс әкімі жағдайды егжей-тегжейлі түсініп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
https://sputnik.kz/20231123/zheti-zhasar-qyzdyn-olimi-birqatar-lauazymdy-tulgalar-sogis-aldy-40358644.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, сәби
Павлодар облысының еріктілері Шідертіде 8 айлық сәбидің аштықтан көз жұмғанын хабарлады
Көз жұмған сәбиге медициналық сараптама жасалды, оның нәтижесі гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Павлодар облысы Шідерті ауылында 8 айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы Vita еріктілер ұжымы
хабарлады.
Ұйымның мәліметінше, бала аштықтан көз жұмған. Отбасындағы өзге балалар да қатты ашыққан. Еріктілер өңір тұрғындарын балалар үшін өмір сүруге қолайсыз отбасылар туралы хабарлауға шақырды.
"Мұндай отбасыларға бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз. Балалар бейбіт күнде жауапсыз ересектердің, мемлекеттік органдардың, біздің үнсіздігіміздің кесірінен көз жұмып жатыр", - дейді еріктілер.
Сәбидің көз жұмғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Алайда өлімнің себебі әлі белгісіз.
"Жедел жәрдем станциясы 17 қарашада Шідерті ауылында 2023 жылы туған сәбидің өлімі тіркелді. Сәбидің тұрақты тұрғылықты жері Павлодар қаласы деп көрсетілген. Сәбидің ата-анасы Шідерті ауылында медициналық көмекке жүгінбеген", - делінген басқарма хабарламасында.
Көз жұмған сәбиге медициналық сараптама жасалды, оның нәтижесі гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзда балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізіп, сегіз айлық балаға қатысты жағдай қаралды. Облыс әкімі жағдайды егжей-тегжейлі түсініп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.