https://sputnik.kz/20231123/mangystauda-beyimdeu-ortalygynyn-eks-direktory-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-40376075.html
Маңғыстауда бейімдеу орталығының экс-директоры бюджет қаражатын жымқырған
Маңғыстауда бейімдеу орталығының экс-директоры бюджет қаражатын жымқырған
Sputnik Қазақстан
Экс-директор іс жүзінде жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеп, сыйақы жазған. Олардың есеп шотына 2,6 млн теңге аударылған 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T21:52+0500
2023-11-23T21:52+0500
2023-11-23T21:52+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында бейімдеу орталығының экс-директоры бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.Ақтау қаласының прокурорлары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-əлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелеріне тексеріс жүргізді.Экс-директор іс жүзінде жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеп, сыйақы жазған. Олардың есеп шотына 2,6 млн теңге аударылған.Бейімдеу орталығының бұрынғы директорына қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Заңды бұзған басқа 2 мекеме директорына 7 әкімшілік хаттама толтырылды.
https://sputnik.kz/20231115/qyzylorda-oblysynda-zhemqorlyq-zhasagan-36-mektep-direktory-zhazalandy-40178767.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Маңғыстауда бейімдеу орталығының экс-директоры бюджет қаражатын жымқырған
Экс-директор іс жүзінде жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеп, сыйақы жазған. Олардың есеп шотына 2,6 млн теңге аударылған
АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында бейімдеу орталығының экс-директоры бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ақтау қаласының прокурорлары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнаулы медициналық-əлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелеріне тексеріс жүргізді.
"Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау заңнамалары бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар 2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры өзінің туыстарын жұмысқа заңсыз орналастырғаны белгілі болды", - деп хабарлады ведомство.
Экс-директор іс жүзінде жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеп, сыйақы жазған. Олардың есеп шотына 2,6 млн теңге аударылған.
Бейімдеу орталығының бұрынғы директорына қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Заңды бұзған басқа 2 мекеме директорына 7 әкімшілік хаттама толтырылды.