Халықтың әл-ауқаты қай кезде өседі - Ұлттық банк басшысы жауап берді

© Sputnik / Болат ШайхиновВ столице празднуют День единства народа Казахстана
В столице празднуют День единства народа Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Қазіргі жоспар бойынша 2026 жылға қарай инфляцияның деңгейі 5 процентке дейін төмендейді
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов халықтың әл-ауқаты қандай жағдайда өсетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Банк басшысының айтуынша, жылдық инфляция, яғни тауар мен қызмет бағасының өсу қарқыны ақпандағы 21,3 проценттен қазан айында 10,8 процентке дейін төмендеді.
“Жылдық инфляция төмендейтін болады және алдағы айларда бір таңбалы мәнге өтеді деп күтеміз. Алдағы уақытта жоғары базаның шығуын ескерсек, инфляцияның төмендеу қарқыны бәсеңдейді, бірақ сақталады”,- деді Сүлейменов сенаттың жалпы отырысында.
Қазіргі кезде ұлттық банк үкіметпен бірлесіп, инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша 2023-2024 жылдарға арналған шараларды атқарып жатыр. Осы орайда инфляцияны әрі қарай тұрақтандыру үшін дезинфляциялық саясат жалғаса береді. Ұлттық банк инфляция динамикасын және мемлекет дамуының өзге де макроэкономикалық параметрлерін қадағалап, ақша-кредит саясаты бойынша жан-жақты сараланған әрі теңгерімді шешімдер қабылдайды.
“Осындай ортақ жұмысымыз, инфляцияның орта мерзімді 5 проценттік деңгейіне қол жеткізуге және қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауға ықпал етеді деп сенеміз”, - дейді Ұлттық банк басшысы.
Қазіргі жоспар бойынша 2026 жылға қарай инфляцияның деңгейі 5 процентке дейін төмендейді.
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қанша
Жаңалықтар
0