https://sputnik.kz/20231122/qazaqstanda-ortasha-zhalaqy-molsheri-qansha---40344884.html
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қанша
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қанша
Sputnik Қазақстан
Атырау облысында орташа айлық жалақы 600 мың теңгеден асады 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T13:42+0500
2023-11-22T13:42+0500
2023-11-22T13:42+0500
жалақы
орташа жалақы
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7034aaf2d5ef54e6e88a16d4b0c6b886.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. 2023 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 350,5 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 16,9%-ға артық. Алайда инфляцияны ескергендегі нақты өсім 3,5%-ды құрады.Өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа айлық жалақы 299,8 мың теңгені құраған.Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы 602,4 мың теңге көлемінде Атырау облысында тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 14,3%-ға және нақты мәнде 2,8%-ға артық.Көш бастап тұрған өңірлер қатарында Маңғыстау (519,1 мың теңге, бір жылдағы өсім нақты мәнде 2,2%) және Ұлытау (471,3 мың теңге, өсім 5,4%) облыстары да бар.Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысының тұрғындары алатыны белгілі болды: 248,9 мың (бір жылдағы өсім 1,8%). Бұл үштікке Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары да кірді.Салалар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақыны дәстүрлі түрде тау-кен өндіру және карьерлерді өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері алды: 756,7 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 16,5%-ға көп.Ең көп жалақы төлейтін үш салаға сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (668,9 мың теңге) және ақпарат және коммуникация саласы (525,8 мың) енді.Елдегі ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, су жабдықтау және су бұру салаларындағы қызметкерлер алады.
https://sputnik.kz/20231117/qazaqstanda-ortasha-zhalaqy-qalay-ozgerdi-40250276.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_99ee8253d7120e6f9b5825eb68adbd55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, орташа жалақы
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қанша
Атырау облысында орташа айлық жалақы 600 мың теңгеден асады
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. 2023 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 350,5 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 16,9%-ға артық. Алайда инфляцияны ескергендегі нақты өсім 3,5%-ды құрады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа айлық жалақы 299,8 мың теңгені құраған.
Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы 602,4 мың теңге көлемінде Атырау облысында тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 14,3%-ға және нақты мәнде 2,8%-ға артық.
Көш бастап тұрған өңірлер қатарында Маңғыстау (519,1 мың теңге, бір жылдағы өсім нақты мәнде 2,2%) және Ұлытау (471,3 мың теңге, өсім 5,4%) облыстары да бар.
Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысының тұрғындары алатыны белгілі болды: 248,9 мың (бір жылдағы өсім 1,8%). Бұл үштікке Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары да кірді.
Салалар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақыны дәстүрлі түрде тау-кен өндіру және карьерлерді өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері алды: 756,7 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 16,5%-ға көп.
Ең көп жалақы төлейтін үш салаға сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (668,9 мың теңге) және ақпарат және коммуникация саласы (525,8 мың) енді.
Елдегі ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, су жабдықтау және су бұру салаларындағы қызметкерлер алады.