Инфографика

Қазақстанда орташа жалақы қалай өзгерді

© SputnikҚазақстанда орташа жалақы
Қазақстанда орташа жалақы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Елдегі орташа айлық жалақы қалай өзгергенін Sputnik инфографикасынан қараңыз
Ұлттық валюта айналымға енгелі бері Қазақстанда орташа жалақы деңгейі жылдан жылға тұрақты түрде өсіп келеді. Бірақ бұл тек теңгедегі сипаты. Доллардың бағамына қатысты жалақы әркез өскен жоқ: шағын өсімдер мерзімді түрде ғана байқалды.
Ұлттық валюта енгізілген 1993 жылы жұмыс істейтін Қазақстан азаматының орташа жалақысы 128 теңгені құрады. Ол кезде бұл сомаға 24,6 доллар сатып алуға болатын еді.
1994 жылы бірінші девальвация болғанына қарамастан, халықтың доллармен есептегендегі табысы бір жыл ішінде екі есеге жуық өсті. 1994 жылғы орташа жалақы 1700 теңгеге 48,4 доллар сатып алуға болар еді.
© SputnikҚазақстанда орташа жалақы
Қазақстанда орташа жалақы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Қазақстанда орташа жалақы
1995 жылы қазақстандықтардың орташа айлық номиналды жалақысы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өсіп, 4700 теңгені немесе 78,5 долларды құрады.
Бес жылдан кейін 14 300 теңге көлеміндегі орташа жалақыға 142 доллар сатып алуға болса, тағы бес жылдан кейін қазақстандықтардың орташа жалақысы 34 000 теңгеге немесе 256 долларға дейін өсті.
2010 жылы доллармен есептегенде жұмыс істейтін Қазақстан азаматының орташа жалақысы 526 долларға дейін өсті. Ал өсімнің шарықтау шыңы 2013 жылы болды. Ол кезде 110 мың теңгеге жуықтаған орташа жалақыға 717,4 доллар сатып алуға болатын еді.
2014 жылы болған девальвация қазақстандық еңбекшілердің әл-ауқатының өсуіне түзетулер енгізді. Ұлттық валюта еркін айналымға шығарылып, "құбылмалы айырбас бағамы" ұғымы пайда болғаннан кейін ел азаматтарының доллармен есептегендегі жалақысы айтарлықтай төмендеді: 2014 жылғы 675 доллардан 2015 жылы 568 долларға және 2016 жылы 417 долларға дейін. Бұған номиналды жалақының өсуі теңгенің әлсіреу қарқынына сәйкес келмеуі себеп болды.
2017 жылдан бастап қазақстандықтардың доллармен есептегенде орташа жалақысы қайтадан өсе бастады. 2018 жылы ол 472 доллар болса, 2019 жылы ол 485 болды.
Әлемде коронавирус пандемиясы таралған 2020 жылы сәл төмендеу байқалды. Шетелдік валютаға аударғанда қазақстандықтардың орташа айлық табысы 477 долларды құрады. Бірақ келесі, 2021 жылы ол 640,5 долларға дейін өсті.
2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа номиналды жалақысы 340 600 теңгені немесе 740,4 долларды құрады.
Жаңалықтар
0