Төсек-орын қоры 90 процентке толды: Алматыда қызылша өршіп тұр

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Эпидемиологиялық жағдай одан әрі нашарласа, басқа ауруханаларда қосымша төсектер орналастырылады
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орын қорының 90,3 процентіне қызылшамен ауырғандар жатқызылды, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
"Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылша жұқтырған балаларды емдеуге арналған 280 төсек-орындық 7 бөлімше бар. Оның ішінде 12 төсек реанимациялық бөлімшеде орналасқан. Саялы филиалында 1 бөлімше, Байзақов көшесіндегі стационарда және Апорт филиалында 3 бөлімшеден орналасқан. Резервте 40 төсек бар", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Кереуеттер жетіспеген жағдайда қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша екі бөлімшеде 100-ден астам төсек дайын тұр.
"Эпидемиологиялық жағдай нашарласа, басқа ауруханаларда қосымша төсектер орналастырылады. Бұл мәселе Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында", - дейді басқарма баспасөз қызметі.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, қызылшамен ауырғандардың басым көпшілігі вакцинацияланбаған.
Айта кетері, Қазақстанда апта сайын 1300-ден астам адам қызылша жұқтырып жатыр. Қызылша өршіп бара жатқандықтан вакцинацияны насихаттау күшейтілді. Тіпті денсаулық сақтау министрінің өзі немересін жетектеп апарып, қызылшаға қарсы вакцина салдырды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
"Немерем екеуміз емханаға келдік": Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады
Жаңалықтар
0