Апта сайын 1300-ден астам адам қызылша індетін жұқтырып жатыр

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Жазылу
Қазіргі күні елде қызылшаны 13 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 11 мыңы – балалар
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанда апта сайын 1300-ден астам адам қызылша ауруын жұқтырып жатыр, деп хабарлады "Хабар 24" .
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұлдың айтуынша, аурудың нақты емі жоқ. Сондықтан балаларды қорғаудың жалғыз жолы – екпе салу.
Соңғы бірнеше күнде 8 мыңнан астам кішкентай пациент инфекцияға қарсы екпе алды. Қазақстанның емханаларында вакцинация мәртебесі жоқ балаларды, сондай-ақ байланыста болған ересектерді вакцинациялайды.
Қазіргі күні елде қызылшаны 13 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 11 мыңы – балалар.
"Иммунитет қалыптасуы үшін уақыт қажет. Екпеден кейін адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек, өйткені иммунитет қалыптастыру үшін 2 аптадан астам уақыт қажет. Қызылшаның салдарынан асқынулар өте көп болып жатыр. Статистикаға сәйкес, қызылшамен ауырған 1000 баланың біреуі қызылша энцефалитіне шалдығады", - дейді Манар Смағұл.
Жаңалықтар
0