Қоғам

"Директор арыз жазба деді": түсік жасатқан жасөспірімнің анасы оқиғаның мән-жайын айтты

© Photo : Fotolia/VkaraПлачущая девочка
Плачущая девочка - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Күдікті қазір қамауда отыр
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы Жаңатаста 12 жастағы қыз 55 жастағы ер адамнан жүкті болып, түсік жасатқан. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісіне қыздың анасы айтып берді.
"Біз тұратын үйдің бірінші қабатында 15 жастағы бір қыз тұрады. Сол қыз менің 11 жастағы қызыма жұмыс тауып беремін деп бір жерге апарған. Бұл 2021 жылы болған оқиға. Ол кезде қызым Байқадамдағы мектеп-интернатта оқыған. Қызым жазғы каникулға келген кезде аяқасты соқыр ішек болып ауырдым. Сол кезде жаңағы көрші қыз қызымды ертіп әкетіп, бір жерге жұмысқа апарады. Ол жерде 700 грамдық ыдыстарға бал құяды екен. Қызым балды біресе аз құяды, біресе көп құяды. Көрші қызға жұмыс беруші ер адам "мынаның қолынан түк келмейді, енді әкелме" деген. Бірақ қызыма "мен өтірік айта салдым, сен келіп тұр" депті. Осылайша қызыма қырындап жүрген", - дейді жәбірленуші қыздың анасы.
Әйел сол кезде жұмыссыз жүрген. Айтуынша, 11 жастағы қыз екі күнде бір бал құюға барып тұрған.

"Ер адам қызыма ұялы телефон сатып әперген. Қызым үнемі жоқ болып кететін. Қайда жүрсің деп сұрасам, қыздармен қыдырып жүрмін деп жасырып айтпады. Бір айдан соң қызым ер адамға қайтып бармаған. Ал 2022 жылы ол "ұялы телефонның құнын қашан төлейсің" деп артынан қалмаған", - дейді жасөспірімнің анасы.

Сөйтіп қыз бал құятын жұмысына қайта барған.
"Бір күні қызым жылап келді. Сөйтсем жұмыс беруші зорлап тастаған. Киімінің бәрі былғанған. Төсек-орны былғанған. Не болды деп сұрап едім, айтпады. Мұрным қанады деді. Төсек орны мен іш киімін қоқысқа лақтырып тастады. Үш күн орнынан тұрмай жатып алды. Өткен жылы тамыз айында Таразға бардық. Жаңағы еркек сол жерде жүр екен. Қызым базарға барып сумка аламын деп қоймады. Оған ақшам болмады. Ал ана ер адам "мен сумка әперемін, сосын біртіндеп төлейсіңдер" деді де сумка әперді", - дейді жәбірленушінің анасы.
Қызының жүкті екенін әйел мектеп директорынан естіген. Әйелдің айтуынша, оқушының жағдайын көріп күдіктенген мұғалімдер оны тексерткен.
"Қызым ол ер адаммен жарты жыл араласқан, өйткені қорқытқан. Сол сатып әперген заттары үшін ақы сұраған. Ал қызым былтыр қарашада түсік жасатты. Қаратаудағы қарапайым аурухана, дәрігер егде жастағы ер адам болды. Ол түсік жасардан бұрын толғақ шақыратын дәрі ішу керектігін айтты. Ол кезде жүктілік 6 ай болып қалған", - дейді анасы.
Ауруханаға психолог пен мейірбике кіргізген, ал анасы көлікте күтіп отырған.

"Маған мектеп директоры "арыз жазба, басыңды қатырып қайтесің. Қызың түсік жасатып, сабақ оқып жүре береді. Түсікке өтініш жаз, ешбір қарсылығым жоқ деп" деді. Қандай қағазға қол қойғанымды да білмеймін. Ол ер адам балабақшада күзетші болып істейді, ал әйелі басқа балабақшада меңгерушісі, аудандық маслихаттың депутаты", - дейді әйел.

Жәбірленушінің әкесі түрмеде жазасын өтеп жүр, ал анасы екінші рет күйеуге тиген. Ол қайтыс болған. Қазір басқа бір адаммен азаматтық некеде тұрады. Неге екені белгісіз, жәбірленушінің отбасы құқық қорғау органдарына түсік жасатқаннан кейін бес айдан соң, яғни биыл мамырда ғана арыз жазған.
"Менің арызды кеш берген себебім жаңағы еркек қызыма тиіскенін қоймай, сатып әперген телефонның ақшасын сұрап мазалады. Қаншама рет бізге қысым көрсетті", - дейді қыздың анасы.
Полицияның хабарлауынша, қылмыстық іс сотқа жолданған.
"Тергеу барысында 12 жастағы қыздың жүкті болғаны анықталды. Оны мектеп басшылығы жасырған. Тиісті орындарға хабарламай, түсік жасатылған. Қазір күдікті қамауға алынды. Мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық Кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Алмас Саламатов.
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Қоғам
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
0