Қоғам

32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді

© Sputnik / Алексей Вовк / Фотобанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Мәжілісмен ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдап, бірнеше сұраққа жауап беруді сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл бостандыққа шығатын педофилдер мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бәрінен бұрын, бұндай қылмыс жасаған адамдардың бостандыққа шығып, қайта осындай қылмыс жасауы қоғамда, жалпы әр бір адамда алаңдатушылық тудырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында биылғы жылдың соңына дейін "32 педофил бостандыққа шығады" деген ақпарат тарады. Бұл ретте, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлермен қылмыстық-атқару мекемелерінде қаншалықты тиісті жұмыстар жүргізілді және біздің пробациялық қызмет бұл санаттағы адамдармен жұмыс істеуге қаншалықты дайын деген сұрақтар туындайды", - деді Смағұл мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда депутат қылмыстық-атқару инспекциялары орнына пробация қызметтерінің құрылғанын еске салды. Оның негізгі функциясы -  сотталғандарды түзеп-тәрбиелеуге ықпал ету.

"Өкінішке орай, олар әлі күнге дейін ескі тәсілдермен жұмыс істейді, бұл қызметте формализм көп", - деп атап көрсетті Смағұл.

Мәжілісмен ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдап, бірнеше сұраққа жауап беруді сұрады.

Оқи отырыңыз: 12 жасар қызды зорлау ісі: алқабилер соты күдіктіні ақтап шықты

"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде осы қылмыс бойынша жазасын өтеушілермен оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы бағдарламалар қабылданды ма, тиісті мамандар бар ма? Сотталғандар арасында тәрбие және идеологиялық жұмыста қандай тәсілдерді пайдаланасыздар? Түзеу мекемелеріндегі психологиялық қызмет жүйесінің деңгейін арттыру бойынша қандай шаралар қабылданды, оған жылына қанша қаражат бөлінеді? Сотталғандарды еңбекпен қамтуда қандай жаңа тәсілдер енгізілді?", - деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, маусымның басында бұқаралық ақпарат құралдарында жылдың аяғына дейін 32 педофилдің бостандыққа шығатыны туралы ақпарат тараған болатын. Оларға химиялық кастрация жасалмайды. Себебі барлығы осы шараны заңды түрде енгізгенге дейін сотталған.

Ал құқық қорғаушылар мен психологтар дабыл қағып отыр. Өйткені елімізде бостандыққа шыққан ондай қылмыскерлерді бақылау бағдарламасы жоқ. Олармен тиісті мамандар да жұмыс істемейді. Психологтардың айтуынша, бостандыққа шыққан педофил бір жылдың ішінде тағы қылмысқа баруы әбден мүмкін. Оны статистика да растап отыр. Мәселен, бүгінде 2 мыңға жуық адам педофилия үшін жазасын өтеп жүр. Олардың 20 проценті – қылмысты қайта жасағандар.

Жаңалықтар
0