Алматы резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр

© Айдана ДайыроваАлматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлердан жауап алынып жатыр
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлердан жауап алынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Қаңтар оқмғасы кезінде Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты сот тыңдауы екінші рет өтті. Сот отырысына Sputnik Қазақстан тілшісі қатысты.
11 адам айыпталушылар орындығында отыр. Оның біреуі үйде, қалғаны үй қамақта. Алғашқы сөйлеген куәгер айыпталып отырған Қосай Маханбаевтың бұрынғы әйелі.
"Қаңтардағы тәртіпсіздіктер түсіп қалған үш бейнежазбаны маған прокурорлар көрсетті. Мен бұрынғы күйеуім Қосай Манабаевты сол бейнежазбалардан таныдым", - дейді сотталушының бұрынғы әйелі Камшат Әлімбаев.
Алайда судья Камшат Әлімбаеваның куә сөздерін тыңдауды кейінге қалдырды. Өйткені сотталушының куәгер болған экс-әйелінің сөздерінде күйеуіне деген сыни көзқарас болды.
© Айдана ДайыроваАлматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлердан жауап алынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр
Сотталушының бірі - Арман Әлімбековтың інісі сотта куәгер болды.
"5 қаңтарда ағам Арман Әлімбековтың аяғына оқ тигенін естідім. Тергеуге шақырып, видеоларын көрсетті. Бейнежазбаға құлаған қақпа түсіпті, 3-4 адам жүр екен. Танисыз ба, Арманға ұқсай ма деп сұрады. Айта алмадым, өйткені нақты тани алмадым. Тергеушілер "таныс адам бар ма мына бейнежазбада?" деп сұрады. Үшінші рет көрсеткенде ағам Арманға ұқсайды деп айттым", - дейді куәгер Ерлан Әлімбеков.
Бұл жолғы жауап берген куәгерлердің басым көпшілігі күзет саласының мамандары.
"4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні әкімдікте күзетте болдым. Кешке қарай Астанадан хабарласып, "Алматы Аренаға" халық жиналып жатыр, әкімдікке келуі мүмкін деп хабарлады. Түнгі 11-ден кете 2000-дай адам әкімдікке лап қойды. Біз оны бейнекамерадан көрдік, түрлерін анық көрмедім. Сол бұзақылық әрекеттер, күзетшілерді ұрып-соқты. Ал мына сотталушылар сол жерде болды деп айта алмаймын", - дейді күзет басқармасының взвод командирі Жеңісбек Керімбеков
© Айдана ДайыроваАлматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлердан жауап алынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр
Ал полиция Марат Түргенбаев та сотталушылар туралы нақты уәж айтпады.
"4 қаңтар күні жұмысқа келдім, 5 қаңтарға дейін болдым. Митинг біз жұмыстан қайтқан кезде басталды. 5 қаңтардан бастап митингке шыққандарды әкеп жатты. Полиция ғимаратына шабуыл жасалды. Мен ғимараттың арт жағында болғандықтан көрмедім. Естуімше қақпаның жанында екі қызметтік көлік өртенді. Негізі күні бойы атылған оқтың дауыстарын болды. Ғимаратқа нақты кімдердің шабуыл жасағанын айта алмаймын", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің инспекторы Марат Түргенбаев.
Сол қаңтарда жараланған күзет қызметкері де жәбірленуші болып, сотқа жүгінбегенін айтады. Өйткені танып-білу немесе есте сақтау мүмкін емес жағдай болды дейді.
© Айдана ДайыроваАлматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлердан жауап алынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Алматыдағы резиденцияға шабуыл жасағандарға қатысты куәгерлерден жауап алынып жатыр
"Белгісіз біреулер әкімдікке кіріп, өртеп, қиратып, бәрімізді соға бастады. Мені жан-жақтан тепкіледі. "Үстіндегі формаңды шешіп, қатарымызға қосыл" деп талап етті. Бір уақытта белгісіз бір кісі "өлтіресіңдер мына баланы" деп арасынан мені аман алып шықты. Сыртқа шығып бара жатыр ем, тағы ұстап алып бір топ адам тағы соққыға жыға бастады. Ол жерден қашып бара жатқанымда үшінші бір тобыр "мыналарды кепілдікке алайық" деді. 15-20 адамды кепілдікке алып, "тірі қалқан" етіп алдыға салып алып, резиденцияға қарай алып жүрді. Ұрған адамдардың бірде-бірі есімде жоқ", - дейді күзет қызметкері Асқар Қапасов.
Сот таңдауында ұзын-ырғасы 13 куәгерден жауап алынды. Оның біреуі зуммен байланысқа шықты. Енді 27 куәгерден жауап алынды. Сот отырысы еш үзіліссіз жүріп жатыр. Ал сотталушылардың мүддесін бүгін 8 адвокат қорғады.
Айта кетері, отырыс ортасында қамауда отырған сотталушы Ақжол Жандарбековтың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртылды. Тиісті ем көрсетілгеннен кейін ол сот отырысы аяқталғанша шыдап бақты.
Еске сала кетейік, Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алматыдағы резиденцияға шабуыл бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.
Жаңалықтар
0