Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: Алматыда президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды

© Айдана ДайыроваҚаңтар оқиғасы: Алматыдағы президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды
Қаңтар оқиғасы: Алматыдағы президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Айыпталушылар орындығында 11 адам отыр
АЛМАТЫ, 3 қараша - Sputnik. Қаңтар қақтығысында Алматы әкімдігіне шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды. Sputnik Қазақстан тілшісі сот отырысына қатысты.
Істі Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Қылмыстық істі судья Б. Болатов жүргізді. Ал сотталушылардың мүддесін 7 адвокат қорғады. Қаңтар оқиғасы кезінде орташа және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған 11 сотталушыға қатысты қылмыстық істің соты басталды. Қылмыстық іс бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр. Куәгерлер сот залына біртіндеп шақырылды. Олардың алғашқысы – Алматыдағы президент резиденциясының күзетшісі Жексенбаев.
"2022 жылы 5 қаңтарда түстен кейін үштен алтыға дейін жұмыс орнымда болдым. Назарбаев қиылысы мен музей жақтан қоршауды сындырып, шабуыл жасады. Қоршауды сындырғандарды көрмедім. Жұмысқа келгенімде дуал жоқ болды. Шабуыл жасағандардың нақты кім екенін көрген жоқпын. Ұлттық гвардияның қалқанына жасырынған адамдар көп болды. Курсанттарға шабуыл жасалғанын көрмедім. Қорқытып, талаптар қойған жоқ. Айқай-шулар болды. Сот залында отырған айыпталушыларды анық көрген жоқпын, тұман болды", - дейді қаңтар оқиғасы болған күні Алматы резиденциясын күзеткен мемлекеттік күзетші куәгер Жексенбаев.
Куәгер шабуылдаушыдардың түр-әлпетін анық көрмегенін айтады. Резиденцияға нақты ешкім кірмеген, бірақ кіруге әрекет еткендер болған.
"Курсанттардың бастары кесілді, атылды" деген ақпаратты білмеймін. Мен күзеткен уақытта резиденцияның аумағында шабуылдаушылар жүрді", - деді бүгінгі сот отырысының алғашқы куәгері Жексенбаев.
Ал екінші куәгер – мемлекеттік күзетші Сергей Сигаев.
"Мен 15:30 шамасында резиденцияға өзімнің тікелей басшыммен келдім. Бізге қарай түрлі түсініксіз жарылғыш заттар, тастар, қатты заттар лақтырды. Бекеттің қоршауын жұлып тастапты. Камаз автокөлігінің артқы жағымен келіп, қоршаудың күл талқанын шығарып кеткенін көрдім. Бірақ нақты кім екенін көрген жоқпын, алайда Камазды жүргізе алмай, тығылып қалғанын байқадым. Шабуылдаушылар қоршаудан кірді. Бірақ оларды біреулер шақырғаннан соң кейінге шегінді. Қолдарында атыс құралдарын байқамадым, қалқандар мен жуан таяқтар болды", - дейді куәгер Сигаев.
Кылмыстық іс бойынша барлық куәгерден жауап алынғаннан кейін сотталушылардан жауап алынады.
Еске сала кетейік, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы елде 1528 бизнес субъектісі зардап шеккенін, 1408-і Алматыда екенін хабарлаған. Жалпы шығын көлемі 95,3 млрд теңгеге жеткенін айтты.
Қала құрылысын бақылау бөлімінің мәліметінше, 337 нысан бүлінген, оның 10-ы – мемлекеттік мекеме. Олар – Алматы әкімдігі, Алматыдағы президент резиденциясы, қалалық прокуратура, "Qazaqstan" телерадиокомпаниясының филиалы мен Алматы қаласы полиция департаментінің алты ғимараты. Ең қатты зардап шеккен – Республика алаңы аумағында орналасқан нысандар. Бүлінген ғимараттардың көбі қалпына келтірілді, кейбірі толықтай бұзылды. Ал Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген болатын.
Қалпына келтірілген Алматы қаласының әкімдігі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы кезінде отқа оранған Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді
Жаңалықтар
0