Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы кезінде отқа оранған Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді

© Sputnik / Камшат АбдирайымҚалпына келтірілген Алматы қаласының әкімдігі
Қалпына келтірілген Алматы қаласының әкімдігі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Жазылу
Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2022 жылдың ақпан айында басталған болатын
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зақымданған қала әкімдігінің ғимаратын реконструкциялау жұмысы аяқталды.
Ғимаратқа өрттен 80% залал келді, 6 қабат пен 4 павильон отқа оранған.
Алматы әкімдігі ғимаратының тарихи келбеті сақталып, заманауи технология мен құрылыс стандарты ескеріліп жаңғыртылды. Қасбетте жұлдыздың орнына бейбітшілік тұтастығының, мемлекет пен отбасы негізінің ұлттық символы саналатын шаңырақ бейнеленген.
© Sputnik / Камшат АбдирайымАлматы қаласы әкімдігінің жөндеуден кейінгі көрінісі
Акимат Алматы после ремонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Алматы қаласы әкімдігінің жөндеуден кейінгі көрінісі
Реконструкция кезінде бірінші кезекте әкімдік қызметкерлері мен келушілердің қауіпсіздігі ескерілді. Сейсмикалық күшейту бойынша барлық іс-шара толық көлемде жүргізілді, өрт қауіпсіздігі шаралары сақталды.
"Ғимараттың ішкі безендірілуінде отқа төзімді материалдар пайдаланылды, бұрын болмаған жаңа түтін шығару жүйесі, өрттің мекенжай жүйесі-ескерту орнатылды. Өрт кезінде өрттің таралуына жол бермейтін арнайы клапандар автоматты түрде қосылады", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ғимараттың қауіпсіздік шараларын күшейту үшін ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі қолданылды және отқа төзімді есіктер, ғимаратқа бірінші қабаттардың терезелері арқылы рұқсатсыз кіруді шектейтін қосымша жапқыштар, сонымен қатар әр қабатта және периметрі бойынша бейнебақылау камералары орнатылды. Қызметкерлердің кіруі үшін турникет құрылғысында тану жүйесі орнатылған.
© Sputnik / Камшат АбдирайымҚызметкерлерге арналған турникет құрылғысы
Акимат Алматы после ремонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Қызметкерлерге арналған турникет құрылғысы
Құрылыс барысында тиімді энергия тұтыну технологиясы қолданылып, жаңа жылыту жүйесіне толығымен ауыстырылды. Барлық инженерлік коммуникация автоматтандырылған және бірыңғай диспетчерлік пунктке қосылған, бұл жұмысты бақылауға және ғимараттың энергия тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Диспетчерлер озық үлгідегі станцияның көмегімен барлық жүйені басқарады, төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет етеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жедел сатылар, электр көтергіштер, мүгедектерге арналған жуынатын бөлмелер және қозғалуы қиын адамдарға арналған арнайы құрылғы – таңбалау, пандустар, шақыру түймелері, Браул әліпбиі бар.
Әкімдіктің бірінші қабаты "Open space Almaty болып қайта жаңартылды – бұл қабылдау бөлмесі, күту аймағы, келіссөздер бөлмесі, халықты қабылдау бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, балаларға арналған ойын алаңы бар қоғамдық қабылдау бөлмесі.
Реконструкциядан кейін кабинеттердің ауданы өзгермеді. Отандық өндірісті қолдау үшін негізінен қазақстандық өндірістің материалдары, оның ішінде жиһаз және есіктер пайдаланылды. Кабинеттердің конфигурациясы, өлшемдері, орналасуы өзгеріссіз қалды. Ғимаратта барлығы 700 орынға есептелген 360 кабинет орналасқан. Нысанның жалпы ауданы 33 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта 14 басқарма мен әкімдік аппараты болады. Осылайша, Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді, пайдалануға дайын.
Жаңалықтар
0