Қабірді қорлаған оқушылардың ата-анасына ірі көлемде айыппұл салынды

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуРазрушенное кладбище, архивное фото
Разрушенное кладбище, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2023
Жазылу
Сотта балалардың ата-аналары мен арыз түсіруші медиативті келісімге келді. Вандализм үшін 572 700 мың теңге төленуі шарт
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында қабірді қорлаған балалардың ата-аналарына 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "МойГород" порталына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғыны облыстық кәмелет жасқа толмаған балалар жөніндегі ауданаралық сотына шағым түсірді. Оның айтуынша, мектеп оқушылары ауылдың шетіндегі зираттың жанынан өтіп бара жатқанда ескерткіштерді бұзып, қабірлерді қорлаған. Арыз түсірген адамның ата-анасы жатқан жердің ескерткішіне де зақым келтірілген.
"Шағым түсірген ауыл тұрғыны материалдық шығынмен қатар моральдық өтемақы төлеуді талап етті", - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен балалардың ата-анасы өзіне жүктелген міндеттерді атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оған сәйкес, айыппұлдың көлемі 34 500 теңгені құрайды.
Сотта балалардың ата-аналары мен арыз түсіруші медиативті келісімге келді. Вандализм үшін 572 700 мың теңге төленуі шарт. Балалардың ата-анасы осы ақшаны жылдың аяғына дейін төлеп беруі керек.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Зират. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Талғарда қабірді қиратқан тұрғын ұсталды
Жаңалықтар
0