https://sputnik.kz/20220315/talgar-qabir-23528260.html
Талғарда қабірді қиратқан тұрғын ұсталды
Талғарда қабірді қиратқан тұрғын ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматы облысында христиан зиратындағы қабірді қиратты деген күдікпен ауылдың 38 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik... 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T13:11+0500
2022-03-15T13:11+0500
2022-03-15T13:11+0500
қабір
зират
https://sputnik.kz/img/old/923/43/9234311_0:318:3077:2048_1920x0_80_0_0_6609a035d7714283b29ae7f0e1e29448.jpg
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматы облысында христиан зиратындағы қабірді қиратты деген күдікпен ауылдың 38 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Талғардағы зираттың қиратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде 8 наурызда пайда болды. Белгісіз біреулер құлпытасты төңкеріп кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады.Жерлеу орнын қорлады деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол құлпытасты құлатқанын мойындаған.Ер адам Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша айыпталып отыр. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты "келу туралы міндеттеме" процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсталған адамға ірі көлемде ақшалай айыппұл, түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу шарасы қолданылады.Айта кетері, бұл биыл Алматы облысында болған бірінші жағдай емес. Қаңтардың басында Үштөбедегі православие зиратындағы бірнеше қабір қиратылды. Бұл жағдайға тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Содан кейін вандализм әрекетін жасады деген күдікпен психикалық ауытқуы бар адам ұсталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/923/43/9234311_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_cd02975077f7600165f44148b2bc4262.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабір, зират
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматы облысында христиан зиратындағы қабірді қиратты деген күдікпен ауылдың 38 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Талғардағы зираттың қиратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде 8 наурызда пайда болды. Белгісіз біреулер құлпытасты төңкеріп кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Жерлеу орнын қорлады деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол құлпытасты құлатқанын мойындаған.
"Ол наурыздың басында мас күйде құлпытасқа зақым келтіргенін айтты. Ұсталған азамат мұндай әрекетке не себеп болғанын түсіндіре алмады", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша айыпталып отыр. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты "келу туралы міндеттеме" процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсталған адамға ірі көлемде ақшалай айыппұл, түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу шарасы қолданылады.
Айта кетері, бұл биыл Алматы облысында болған бірінші жағдай емес. Қаңтардың басында Үштөбедегі православие зиратындағы бірнеше қабір қиратылды. Бұл жағдайға тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Содан кейін вандализм әрекетін жасады деген күдікпен психикалық ауытқуы бар адам ұсталды.