https://sputnik.kz/20231117/pfizer-qazaqstanda-onirlik-kense-ashady-40248693.html
Pfizer Қазақстанда өңірлік кеңсе ашады
Pfizer Қазақстанда өңірлік кеңсе ашады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан бірлесіп шығарылатын дәрілерді сыртқы нарыққа шығаруда серіктестерден көмек күтеді 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T15:01+0500
2023-11-17T15:01+0500
2023-11-17T15:01+0500
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18886770_0:0:3194:1798_1920x0_80_0_0_f41434d42527667c92d218ee2e4a7c2d.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Pfizer Қазақстанда жаңа өңірлік кеңсе ашады және денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамды құптайды, деді ведомство басшысы Ажар Ғиният Астанада компания өкілдерімен кездесуде."Жақын арада Pfizer біздің елде Кавказ, Орталық Азия елдерін және Моңғолияны қамтитын жаңа өңірлік кеңсе ашатынынан хабардармыз және бұл қадамды құптаймыз", - деді ол.Ол Pfizer өңірлік кеңсе ашумен қатар, аймақтың барлық елін дәрі-дәрмек және препараттармен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда логистикалық хаб ұйымдастырады деген үмітін білдірді.Ажар Ғиният пен Pfizer аймақтық президенті Патрик ван дер Лоо арасындағы кездесу Prevenar 20 вакцинасының келісімшарттық өндірісі жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық аясында өтті.Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, заманауи дәрі-дәрмектің келісімшарттық өндірісі жобасы Қазақстанға фармацевтикалық өндірістегі әлемдік көшбасшылармен табысты ынтымақтастыққа дайын ел ретіндегі сенімді көрсетеді.Министр "СК-Фармация" ЖШС-мен инновациялық вакциналарды жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қою жобаның сәтті жүзеге асуына кепілдік беретінін айтты.2010 жылы Қазақстан Ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізілген ТМД-ның бірінші елі болды.Ол Pfizer компаниясы Қазақстан Республикасында орнықтырыланған өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі біздің бастамамызды қолдап, оны үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетуді қамтамасыз етеді және Орталық Азия мен ТМД елдерінде осындай өндірістердің болмауын қамтамасыз етеді деп үміттенетінін жеткізді.Патрик ван дер Лоо Қазақстандағы министрліктің барлық бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастықты атап өтіп, ол инновациялық препараттар нарығына қолжетімділікті жеделдету, препараттарды таңбалауға дайындық, "суық тізбекті" жетілдіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, елдің жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.2022 жылдың желтоқсанында Pfizer жаһандық кеңсесі жергілікті серіктес негізінде Prevenar-20 вакцинасын Қазақстанда шоғырландыру жобасын жүзеге асыру туралы келісімге келді.
https://sputnik.kz/20230825/koronavirusqa-qarsy-zhana-vaktsina-zhasalyp-zhatyr-37933511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18886770_326:0:3057:2048_1920x0_80_0_0_a8d37d819fe27a4caaa4955a0d9b5472.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина
Pfizer Қазақстанда өңірлік кеңсе ашады
Қазақстан бірлесіп шығарылатын дәрілерді сыртқы нарыққа шығаруда серіктестерден көмек күтеді
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Pfizer Қазақстанда жаңа өңірлік кеңсе ашады және денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамды құптайды, деді ведомство басшысы Ажар Ғиният Астанада компания өкілдерімен кездесуде.
"Жақын арада Pfizer біздің елде Кавказ, Орталық Азия елдерін және Моңғолияны қамтитын жаңа өңірлік кеңсе ашатынынан хабардармыз және бұл қадамды құптаймыз", - деді ол.
Ол Pfizer өңірлік кеңсе ашумен қатар, аймақтың барлық елін дәрі-дәрмек және препараттармен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда логистикалық хаб ұйымдастырады деген үмітін білдірді.
Ажар Ғиният пен Pfizer аймақтық президенті Патрик ван дер Лоо арасындағы кездесу Prevenar 20 вакцинасының келісімшарттық өндірісі жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық аясында өтті.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, заманауи дәрі-дәрмектің келісімшарттық өндірісі жобасы Қазақстанға фармацевтикалық өндірістегі әлемдік көшбасшылармен табысты ынтымақтастыққа дайын ел ретіндегі сенімді көрсетеді.
Министр "СК-Фармация" ЖШС-мен инновациялық вакциналарды жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қою жобаның сәтті жүзеге асуына кепілдік беретінін айтты.
2010 жылы Қазақстан Ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізілген ТМД-ның бірінші елі болды.
"Prevenar 13 қолдану жылдарында біздің елімізде балалардағы пневмония ауруының 50%-ға төмендеуі және балалардағы пневмонияның асқынуынан болатын өлімнің 20%-ға төмендеуі байқалды. Prevenar 20 келісімшарттық өндірісін орналастыру біздің балаларымызды иммундауға ықпал етеді деп үміттенеміз", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Ол Pfizer компаниясы Қазақстан Республикасында орнықтырыланған өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі біздің бастамамызды қолдап, оны үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетуді қамтамасыз етеді және Орталық Азия мен ТМД елдерінде осындай өндірістердің болмауын қамтамасыз етеді деп үміттенетінін жеткізді.
Патрик ван дер Лоо Қазақстандағы министрліктің барлық бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастықты атап өтіп, ол инновациялық препараттар нарығына қолжетімділікті жеделдету, препараттарды таңбалауға дайындық, "суық тізбекті" жетілдіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, елдің жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
2022 жылдың желтоқсанында Pfizer жаһандық кеңсесі жергілікті серіктес негізінде Prevenar-20 вакцинасын Қазақстанда шоғырландыру жобасын жүзеге асыру туралы келісімге келді.