https://sputnik.kz/20231116/uyatty-zhagday-ministrdin-orynbasary-qyz-zorlagan-ariptesi-turaly-pikir-bildirdi-40206946.html
"Ұят жағдай": министрдің орынбасары қыз зорлаған әріптесі туралы пікір білдірді
"Ұят жағдай": министрдің орынбасары қыз зорлаған әріптесі туралы пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T10:52+0500
2023-11-16T10:52+0500
2023-11-16T12:05+0500
талдықорған
зорлау
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37679120_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7ae87da0e8104bfc7f0bd8cd3f7ec61e.jpg
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорғанда өз кабинетінде қыз зорлады деген күдікке ілінген әріптесі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қожаев Талдықорғанда полицияға басшылық еткен әріптесімен жеке танысқан емеспін дейді. Бірақ ол адам тексерістен талай рет өткен.Осы орайда журналистер қыз зорлаған басшының бұған дейін өз қызметкерлерін балағаттап, дөрекі мінез көрсеткенін еске салды. Қожаевтың сөзіне қарағанда, бұның барлығы кешегі тексеріс кезінде анықталып отыр."Иә, ондай жағдайлар болған екен. Оны төмендеткен, одан кейін жұмыс істеп, мына лауазымға тағайындалды",- деп атап көрсетті Қожаев.Айта кетері, осы аптаның басында Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Кеше облыстық полиция депаратментінің басшылығы да жұмыстан босатылды.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37679120_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7c81846acabfa7b753f98c8c2ddbf4ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, зорлау, полиция
талдықорған, зорлау, полиция
"Ұят жағдай": министрдің орынбасары қыз зорлаған әріптесі туралы пікір білдірді
10:52 16.11.2023 (жаңартылды: 12:05 16.11.2023) Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорғанда өз кабинетінде қыз зорлады деген күдікке ілінген әріптесі туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қожаев Талдықорғанда полицияға басшылық еткен әріптесімен жеке танысқан емеспін дейді. Бірақ ол адам тексерістен талай рет өткен.
"Ұят жағдай, оны мойындау керек. Бірақ әр адамның жүрегіне, қанына сіңетін қасиеттерді біз біле алмаймыз. Ондай технология жоқ әлі. Тексерістен талай рет өтті. Жаңадан келген қызметкер емес, талай жыл істеп келе жатқан адам. Бірақ осындай нәрсені істеп қойды. Жауапкершілігін тергеу анықтайды, сотқа жіберіледі, сол кезде жазасын алады",-деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда журналистер қыз зорлаған басшының бұған дейін өз қызметкерлерін балағаттап, дөрекі мінез көрсеткенін еске салды. Қожаевтың сөзіне қарағанда, бұның барлығы кешегі тексеріс кезінде анықталып отыр.
"Иә, ондай жағдайлар болған екен. Оны төмендеткен, одан кейін жұмыс істеп, мына лауазымға тағайындалды",- деп атап көрсетті Қожаев.
Айта кетері, осы аптаның басында Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен
ұсталды. Кеше облыстық полиция депаратментінің басшылығы да жұмыстан
босатылды.