https://sputnik.kz/20231116/toqaev-qazaqstan-khalqynan-suyinshi-surady-40204147.html
Тоқаев Қазақстан халқынан сүйінші сұрады
Тоқаев Қазақстан халқынан сүйінші сұрады
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән беретінін атап өтті 16.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-16T09:12+0500
2023-11-16T09:12+0500
2023-11-16T09:21+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
халық саны
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34607453_0:73:1280:793_1920x0_80_0_0_adeee24e2bea8c6cc76f9a989c9a8140.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 70,4%-ке дейін өскенін хабарлаған еді.2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құраған, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 жылы), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.
https://sputnik.kz/20230131/astananyn-khalqy-qay-kezde-2-millionga-zhetedi-31625701.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34607453_63:0:1218:866_1920x0_80_0_0_1a5c72ceda50c8b2c557551a2dd6c0c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, халық саны
қасым-жомарт тоқаев, халық саны
Тоқаев Қазақстан халқынан сүйінші сұрады
09:12 16.11.2023 (жаңартылды: 09:21 16.11.2023) Президент мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән беретінін атап өтті
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", - деп
жазды президент әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 70,4%-ке дейін өскенін хабарлаған еді.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құраған, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 жылы), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.
Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.