https://sputnik.kz/20231115/zhyldyq-inflyatsiya-bauyalap-keledi--ulttyq-bank-40169851.html
Жылдық инфляция баяулап келеді – Ұлттық банк
Жылдық инфляция баяулап келеді – Ұлттық банк
Sputnik Қазақстан
Ақылы қызметтер арасында баспананы жалға беру, шаштараз бен жеке қызмет көрсететін мекемелердің, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы... 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T08:45+0500
2023-11-15T08:45+0500
2023-11-15T10:20+0500
ұлттық банк
инфляция
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468399_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_5c44cfd6e516c892dc33a6ee4cee949d.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қазан айында елімізде жылдық инфляция 10,8%-ке дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4%-ке дейін баяулаған. Ал айлық мәні, керісінше, өткен айдағы 0,3%-тен 0,5%-ке дейін қарқын алды."Азық-түлік тауарлары құрылымында қазан айында жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Есесіне, ірімшіктің, жаңа піскен көкөніс пен күнбағыс майы арзандады", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1%-ке дейін төмендеді. Айлық мәнде өсім 0,8%-ті құрады.Қазан айында аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқ киім қымбаттаған. Тұрмыстық заттар, жуу және тазалау құралдары арзандады.Сондай-ақ қазан айында ақылы қызметтер инфляциясы жылдық мәнде 11,0%-ті құрады. Ақылы қызметтердің айлық инфляциясы 0,8% болды.Ақылы қызметтер арасында баспананы жалға беру, шаштараз бен жеке қызмет көрсететін мекемелердің, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы өсті.
https://sputnik.kz/20231115/zhyl-basynan-beri-qazaqstan-ekonomikasy-49-ke-osti-40169695.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468399_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_afde657ed2658390aaf6c6ddb7038bbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, инфляция
Жылдық инфляция баяулап келеді – Ұлттық банк
08:45 15.11.2023 (жаңартылды: 10:20 15.11.2023) Ақылы қызметтер арасында баспананы жалға беру, шаштараз бен жеке қызмет көрсететін мекемелердің, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы өсті
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қазан айында елімізде жылдық инфляция 10,8%-ке дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жылдық инфляция 10,8%-ке дейін баяулады. Дегенмен, бағаның өсуі екі таңбалы мәнде қалып отыр. Айлық инфляция өткен айдың деңгейінен және таргеттен жоғары қалыптасып, 0,7%-ті құрады. Бұл инфляцияға қарсы саясатты одан әрі жалғастыруды талап етеді", - деді Вагапов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4%-ке дейін баяулаған. Ал айлық мәні, керісінше, өткен айдағы 0,3%-тен 0,5%-ке дейін қарқын алды.
"Азық-түлік тауарлары құрылымында қазан айында жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Есесіне, ірімшіктің, жаңа піскен көкөніс пен күнбағыс майы арзандады", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1%-ке дейін төмендеді. Айлық мәнде өсім 0,8%-ті құрады.
Қазан айында аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқ киім қымбаттаған. Тұрмыстық заттар, жуу және тазалау құралдары арзандады.
Сондай-ақ қазан айында ақылы қызметтер инфляциясы жылдық мәнде 11,0%-ті құрады. Ақылы қызметтердің айлық инфляциясы 0,8% болды.
Ақылы қызметтер арасында баспананы жалға беру, шаштараз бен жеке қызмет көрсететін мекемелердің, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы өсті.