Экономика

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 4,9%-ке өсті

© Sputnik / Владислав ВодневМонета, архивтегі фото
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
Қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4%-ке өсіп, 102 млрд долларды құрады
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,9-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,4%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік көрсетті", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6%-ті құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%-ке, денсаулық сақтауда – 40%-ке, саудада – 38%-ке, білім беруде – 18%-ке, ауыл шаруашылығында – 8,7%-ке, өнеркәсіпте – 8,3%-ке өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.
Сондай-ақ алдын ала қорытынды бойынша қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4%-ке өсіп, 102 млрд долларды құрады.
"Экспорт 57 млрд доллардан асты, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті.Тауарлар импорты 44 млрд доллардан астам қаржыны құрады. Жалпы, оң сауда балансы 13 млрд долларға тең", - деді Қуантыров.
Бұған қоса өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,2%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 27%-ке, оның ішінде автомобиль жасау – 42%-ке және электр жабдықтарын жасау – 31%-ке ұлғайған.
Сонымен қатар газ өндіру – 9,7%-ке, мұнай өндіру – 9,3%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 14%-ке өсті.
Металл кендерін өндіру – 1,1%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 2,3%-ке, көмір өндіру – 5,5%-ке төмендеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды.
Жыл басынан бері 13,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 14%-ке жоғары.
Жаңалықтар
0