Ұлымды әскерге қолынан жетектеп апарамын – қорғаныс министрі

© Sputnik / Владислав ВодневПравительство
Правительство - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
Министрдің айтуынша, ұлы әлі студент, оқуын аяқтағаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұлын әскерге өзі жетектеп апаратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, ұлы әлі студент, жиырма жаста.
"Оқуын аяқтағаннан кейін Отан алдындағы борышын өтеу – оның қасиетті міндеті. Мен оны әскерге өзім қолынан жетектеп апарамын. Өзі қалаған жерге барады. Бірақ арнайы бөлімшелерде немесе барлау қызметіне бейімі бар", - деді Жақсылықов мәжіліс кулуарында.
Бүгін мәжіліс резервтегі қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қорғаныс министрлігі резервтегі қызметті 2025 жылы құруды жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде 2 мыңға жуық резервисті шақыру жоспарланған.
Резервистермен келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жиын 30 күн, сабақ ай сайын екі-үш күн болады. Резервтегі қызметке шақырылғандарға ай сайын ең төменгі жалақы, ал жиын кезінде орташа жалақы төленеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Резервтегі қызмет: министр армияның мұндай түрі не үшін қажет екенін түсіндірді
Жаңалықтар
0