https://sputnik.kz/20231115/almatyda-15-000-uy-zhanuaryna-chip-ornatylady-40189274.html
Алматыда 15 000 үй жануарына чип орнатылады
Алматыда 15 000 үй жануарына чип орнатылады
Sputnik Қазақстан
Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы жүріп жатыр 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T13:52+0500
2023-11-15T13:52+0500
2023-11-15T13:52+0500
өңірлер
алматы
үй жануарлары
чип
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/08/18356815_0:0:3140:1767_1920x0_80_0_0_48abdd2f32c36db642597bab980c8d12.jpg
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда 15 000 үй жануары чиптеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы жүріп жатыр.1 қыркүйектен бастап ит-мысықты чиптеу міндетті. Ал үй жануарларының басқа түрлерін — сәндік егеуқұйрықтар, аламан немесе ергежейлі шошқаларды тіркеу әркімнің өз еркінде. Жалпы бұл жүйеге жануар туралы ақпаратты енгізу қазақстандықтар үшін тегін, алайда чип орнату, белгі салу немесе басқа да процедураларды жануар иесі өз қалтасынан төлеуі керек. Мұндай ветеринариялық қызметтерді төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін ғана ерекше жағдай қарастырылған.Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, былтыр қыркүйек айының соңында Қазақстанда 730,7 мың ит пен мысық тіркелген. Оның 83%-тен астамы яғни, 610 мыңы – үй жануарлары мен қызметтік иттер. Ал 16,5%-і немесе 120,5 мыңы қаңғыбас жануарлар екен.Сондай-ақ жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, былтыр тоғыз айда қалаларда 178,3 мың ит пен мысық ауланған, олардың көпшілігі – қаңғыбас жануарлар. Оның ішінде жануарлардың 134,4 мыңы өлтірілген. Небәрі 2,7%-і яғни,4,8 мың қаңғыбас жануар егіліп, зарарсыздандырылып, босатылған.
https://sputnik.kz/20231027/almatyda-uy-zhanuarlaryn-tegin-chipteu-qashan-bastalady-39657097.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/08/18356815_231:0:2962:2048_1920x0_80_0_0_3cb883e534f40d0cd7da9c7756334b3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, үй жануарлары, чип
алматы, үй жануарлары, чип
Алматыда 15 000 үй жануарына чип орнатылады
Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда 15 000 үй жануары чиптеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы жүріп жатыр.
1 қыркүйектен бастап ит-мысықты чиптеу міндетті. Ал үй жануарларының басқа түрлерін — сәндік егеуқұйрықтар, аламан немесе ергежейлі шошқаларды тіркеу әркімнің өз еркінде. Жалпы бұл жүйеге жануар туралы ақпаратты енгізу қазақстандықтар үшін тегін, алайда чип орнату, белгі салу немесе басқа да процедураларды жануар иесі өз қалтасынан төлеуі керек. Мұндай ветеринариялық қызметтерді төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін ғана ерекше жағдай қарастырылған.
"Үй жануарлары есепке алынса оларды жоғалтқан немесе ұрлаған кезде оңай анықтауға болады. Бұл иесіз жануарларды азайтуға және оларды ұстау жағдайын жақсартуға көмектеседі. Бағдарлама аясында 15 мың ит пен мысықты чиптеу және тіркеу көзделген", - дейді ведомство.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, былтыр қыркүйек айының соңында Қазақстанда 730,7 мың ит пен мысық тіркелген. Оның 83%-тен астамы яғни, 610 мыңы – үй жануарлары мен қызметтік иттер. Ал 16,5%-і немесе 120,5 мыңы қаңғыбас жануарлар екен.
Сондай-ақ жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, былтыр тоғыз айда қалаларда 178,3 мың ит пен мысық ауланған, олардың көпшілігі – қаңғыбас жануарлар. Оның ішінде жануарлардың 134,4 мыңы өлтірілген. Небәрі 2,7%-і яғни,4,8 мың қаңғыбас жануар егіліп, зарарсыздандырылып, босатылған.