Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу қашан басталады

© Photo : акимат АлматыҮй жануарларын чиптеу
Үй жануарларын чиптеу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Жазылу
Жануар иесі ветеринариялық емханаға жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы 1 қарашада басталады, деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.
Бұл бағдарлама аясында 15 мың үй жануары, яғни иттер мен мысықтар чиптеліп, тіркеледі деп жоспарланған.
"Мысықтар мен иттер болюспен, чиппен, білезікпен немесе мойын жағасымен, электронды белгімен, құлақ сырғаларымен немесе басылған таңбамен және "TANBA" үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелуі керек", - дейді ведомство.
Алматы қаласының тұрғындары үшін "TANBA" есепке алудың бірыңғай базасында тегін чиптеу және тіркеу рәсімі келесі ветеринариялық емханаларда жүргізіледі.
"ALLVET" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87;
"Мастино" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217, тел: 8 (707) 327-44-88;
"Барыс" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223 "Б", тел: 8 (707) 123-49-00;
"Ветстанция" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 49, тел: 8 (701) 757-77-27;
"MedVet" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Луганский көшесі, 54/1В, тел: 8 (708)699-19-43;
"DOG PREMIUM" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Грибоедов көшесі, 105, тел: 8 (707) 339-33-28;
"Хвостики" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Жандосов көшесі, 54, тел: 8 (708) 983-43-13;
"Айболит" ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.
Жануар иесі жоғарыда аталған мекенжайлардың біріне жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет. Жануар иесінің өзімен бірге жеке куәлігі, мобильді телефоны және бар болған жағдайда, жануардың ветеринариялық паспорты болуға тиіс. Паспорты болмаған жағдайда жануар иесінің есебінен ветеринариялық емханада ресімделеді.
"Ветеринариялық мамандар жануарға микрочип орнатады, жануардың және оның иесінің деректерін "TANBA" үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасына енгізеді, сонан соң жануар иесінің мобильді нөміріне Kezekte.kz алты белгілік растау коды бар 1414 (e-gov) нөмірінен СМС хабарлама келеді, оны жануардың жеке басын растау үшін, 30 секунд ішінде ветеринария маманына хабарлау керек", - деп жазды хабарламада.
Барлық туындаған сұрақ бойынша ветеринария маманынан кеңес алуға болады.
Сондай-ақ үй-үйді аралап тексеру жұмысы көзделген, өтініш беру үшін байланыс деректері:
1.
Алатау ауданы – 8 (707) 123-49-00;
2.
Алмалы ауданы – 8 (707) 123-49-00;
3.
Әуезов ауданы – 8 (747) 438-38-87;
4.
Бостандық ауданы – 8 (707) 123-49-00;
5.
Жетісу ауданы – 8 (707) 123-49-00;
6.
Медеу ауданы – 8 (707) 123-49-00;
7.
Наурызбай ауданы – 8 (747) 438-38-87;
8.
Түрксіб ауданы – 8 (747) 438-38-87.
Жаңалықтар
0