https://sputnik.kz/20231115/55-zhastan-beriletin-arnayy-tolemderdin-molsheri-zhyl-sayyn-ulgayady--ministr-40189414.html
55 жастан берілетін арнайы төлемдердің мөлшері жыл сайын ұлғаяды – министр
55 жастан берілетін арнайы төлемдердің мөлшері жыл сайын ұлғаяды – министр
Sputnik Қазақстан
Өткен аптада еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов келесі жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге төленетін арнайы төлемнің орташа мөлшері 200... 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T11:35+0500
2023-11-15T11:35+0500
2023-11-15T11:40+0500
төлем
төлемақы
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_ac59841c499629deb4233f39daeddd41.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды жұмыста істейтін қызметкерлерге тағайындалатын арнайы төлемнің мөлшері жыл сайын өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сонымен қатар министрдің айтуынша, әрбір төлем инфляция деңгейіне индексацияланады."Сіздер білесіздер, республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ең төменгі күнкөріс көлемі жыл сайын индексацияланады. Яғни бұл сома өседі", - деп атап өтті ведомство басшысы.Өткен аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді.Келесі жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлемді ала алады. Ол үшін жұмысшы 55 жасқа толған және 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы керек.
https://sputnik.kz/20231108/55-zhastan-beriletin-arnayy-tolemnin-ortasha-molsheri-200-myn-tenge-bolady-40004886.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_386:0:2637:1688_1920x0_80_0_0_3951ade5714dcf06a32fd7889c2f7028.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төлем, төлемақы, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
төлем, төлемақы, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
55 жастан берілетін арнайы төлемдердің мөлшері жыл сайын ұлғаяды – министр
11:35 15.11.2023 (жаңартылды: 11:40 15.11.2023) Өткен аптада еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов келесі жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге төленетін арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болатынын айтты
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды жұмыста істейтін қызметкерлерге тағайындалатын арнайы төлемнің мөлшері жыл сайын өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Төлем мөлшері міндетті түрде артады. Өйткені жыл сайын осы төлемге үміткер адам зейнетақы жүйесіне қатысуын жалғастырады. Жұмыс беруші оған міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын аударады. Бұған қоса келесі жылдан бастап біз жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасын енгіземіз. Яғни осы көздер толығады", - деді Жақыпова мәжіліс кулуарында.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, әрбір төлем инфляция деңгейіне индексацияланады.
"Сіздер білесіздер, республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ең төменгі күнкөріс көлемі жыл сайын индексацияланады. Яғни бұл сома өседі", - деп атап өтті ведомство басшысы.
Өткен аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді.
Келесі жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлемді ала алады. Ол үшін жұмысшы 55 жасқа толған және 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы керек.