https://sputnik.kz/20231108/55-zhastan-beriletin-arnayy-tolemnin-ortasha-molsheri-200-myn-tenge-bolady-40004886.html
55 жастан берілетін арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады
55 жастан берілетін арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады
Sputnik Қазақстан
Шахтер зиянды жұмыстан шыққаннан кейін де оған арнайы төлем төлене береді 08.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-08T17:00+0500
2023-11-08T17:00+0500
2023-11-08T17:00+0500
зейнетақы
зейнет жасы
төлем
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Келесі жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлем ала алады. Оның орташа мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Келесі жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарға арнайы төлем төленеді. Ол үшін жұмысшы 55 жасқа толған және 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы керек.Айтуынша, арнайы төлем алатын жұмысшылар ауыр жұмыстан жеңіл жұмысқа ауысуы шарт немесе өз қалауымен жұмыстан мүлде шыға алады.Вице-министр 55 жас және 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарнасы талабына сәйкес келетін жұмысшылар 1400-ге жуық кәсіпорында істейді."2024 жылы 37 мың адам арнайы төлем алуға құқылы болады", - деді ол.Сарбасов 55 жастан бастап арнайы төлемдер шахтерлерге ғана емес, зиянды еңбекте істейтін барлық азаматқа беріледі. Көбі тау-кен өндіру секторы және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді.Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт көзден: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен жинақталған зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс мөлшерінде төленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, зейнет жасы, төлем
зейнетақы, зейнет жасы, төлем
55 жастан берілетін арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады
Шахтер зиянды жұмыстан шыққаннан кейін де оған арнайы төлем төлене береді
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Келесі жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлем ала алады. Оның орташа мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келесі жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарға арнайы төлем төленеді. Ол үшін жұмысшы 55 жасқа толған және 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы керек.
"Арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады. Төлемдер зейнет жасына дейін, яғни 63 жасқа дейін төленеді", - деді Сарбасов мәжілісте тиісті заңнамалық түзетулерді таныстырғаннан кейін.
Айтуынша, арнайы төлем алатын жұмысшылар ауыр жұмыстан жеңіл жұмысқа ауысуы шарт немесе өз қалауымен жұмыстан мүлде шыға алады.
Вице-министр 55 жас және 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарнасы талабына сәйкес келетін жұмысшылар 1400-ге жуық кәсіпорында істейді.
"2024 жылы 37 мың адам арнайы төлем алуға құқылы болады", - деді ол.
Сарбасов 55 жастан бастап арнайы төлемдер шахтерлерге ғана емес, зиянды еңбекте істейтін барлық азаматқа беріледі. Көбі тау-кен өндіру секторы және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді.
Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт көзден: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен жинақталған зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс мөлшерінде төленеді.