ҰҚШҰ: Қазақстан министрлері мен қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Минскте кездеседі

© Sputnik / Арам Нерсесян / Медиабанкке өтуЗаседание Комитета секретарей Совбеза ОДКБ
Заседание Комитета секретарей Совбеза ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық Қазақстанға өтеді
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. 22 қарашада Минск қаласында сыртқы істер министрлер кеңесінің, қорғаныс министрлер кеңесінің және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шараға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдаулетов және қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысады.
"Отырыс барысында ұйымның ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери саяси жағдай және сессияаралық кезеңдегі ұйым қызметі туралы пікір алмасу жоспарланған. Отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамытудың түрлі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды және саяси мәлімдемелер жасайды", - деді Смадияров брифингте.
Сондай-ақ, 23 қарашада Минскте жоспарланған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын мақұлдайды деп күтілуде.
Смадияров 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ұйымға төрағалық Қазақстанға өтетінін атап өтті.
"Сондықтан Минскте өтетін бірлескен отырыста сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу келесі жылы осы ұйымдағы Қазақстан қызметінің басым бағыттарымен таныстырады. Басымдықтарды қалыптастыру кезінде Қазақстан тарапы ұйымның қыметіндегі сабақтастықты сақтаудың маңыздылығына негізделеді. Әріптестерге мүше мемлекеттер үшін неғұрлым өзекті және талап етілетін ұйымның жұмысының жарғылық бағыттарына шоғырлану ұсынылады. Жалпы Қазақстанның басымдықтарын ұйым саммитінде мемлекет басшысы ресми түрде ұсынады", - деді СІМ ресми өкілі.
Учения ОДКБ Нерушимое братство-2017 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстан өкілдерімен кездесті
Жаңалықтар
0