ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстан өкілдерімен кездесті

© Sputnik / Серикжан КовланбаевУчения ОДКБ "Нерушимое братство-2017"
Учения ОДКБ Нерушимое братство-2017 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Тараптар өзекті мәселелерді, оның ішінде келесі жылы төрағалықтың Қазақстанға ауысуына байланысты мәселелерді талқылады
АЛМАТЫ, 10 қазан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовпен және президенттің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесті.
Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің алдағы сессиясына және сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық мәселелері талқыланды.
ҰҚШҰ бас хатшысы Нұрдәулетовке жәнеЖақсылықовқа құжаттардың жобаларын келісу барысы туралы ақпарат берді. Бұл құжаттар кеңестер отырысында қарауға ұсынылады. Айта кетейік, оның ішінде ұйымның дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіруге қатысты мәселе де бар.
Сондай-ақ ҰҚШҰ қызметінің өзекті мәселелері, оның ішінде ұйымға төрағалықтың 2024 жылы Қазақстанға өтуіне байланысты да мәселелер талқыланды.
Даурен Абаев и ответственный секретарь ПА ОДКБ Сергей Поспелов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Қазақстанның Ресейдегі елшісі ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясында кездесу өткізді
Жаңалықтар
0