https://sputnik.kz/20231112/qostanayda-avtozauyt--qurylysy-bastaldy-40106996.html
Газа секторындағы "Аш-Шифа" медицина орталығы жарықсыз қалды – БАҚ
Газа секторындағы "Аш-Шифа" медицина орталығы жарықсыз қалды – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Израильдік әскерилер аурухананың айналасына жаппай оқ жаудырып жатыр 12.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-12T09:58+0500
2023-11-12T09:58+0500
2023-11-12T10:27+0500
әлем
израиль
палестина
қақтығыс
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40025612_0:5:3072:1733_1920x0_80_0_0_ba83874d3b93d7e3b3afc0782bef1d8b.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Газа секторында орналасқан "Аш-Шифа" медицина орталығы толығымен жарықтан ажыратылды, деп хабарлайды Tasnim агенттігі."Газа секторында орналасқан "Аль-Шифа" ауруханасы электр қуатынан толығымен ажыратылды... Израильдік әскерилер мен қарулы күштердің жасап жатқан ауыр шабуылдарынан және ауруханада электр қуаты мен дәрі-дәрмектердің жетіспеуінен "Аш-Шифа" ауруханасындағы жағдай сәт сайын күрделене түсуде", - делінген хабарламада.Сондай-ақ хабарламада аурухана төңірегінде кескілескен ұрыс жалғасып жатқаны, жарылыс дыбыстары естілгені атап өтілді.Еске сала кетейік, 7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше мың зымыран атып, "Әл-Ақса тасқыны" операциясының басталғанын жариялады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды.Израильде жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты, оның ішінде 300 әскери бар, 5 мыңнан астамы жарақат алды.Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Палестинаға 1 млн доллар аударды. Бұл шешімді Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті барысында Қазақстан президенті жариялады. Қазақстан үкіметі бөлген қаражат БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым Палестина халқына жеті онжылдық бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді.
https://sputnik.kz/20231110/izrail-men-khamas-tutqyndarmen-almasuga-kelisti-40094872.html
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40025612_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_ebc1cfc3c66c59102928f698d1e6ca33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина, қақтығыс
израиль, палестина, қақтығыс
Газа секторындағы "Аш-Шифа" медицина орталығы жарықсыз қалды – БАҚ
09:58 12.11.2023 (жаңартылды: 10:27 12.11.2023) Израильдік әскерилер аурухананың айналасына жаппай оқ жаудырып жатыр
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Газа секторында орналасқан "Аш-Шифа" медицина орталығы толығымен жарықтан ажыратылды, деп хабарлайды Tasnim агенттігі.
"Газа секторында орналасқан "Аль-Шифа" ауруханасы электр қуатынан толығымен ажыратылды... Израильдік әскерилер мен қарулы күштердің жасап жатқан ауыр шабуылдарынан және ауруханада электр қуаты мен дәрі-дәрмектердің жетіспеуінен "Аш-Шифа" ауруханасындағы жағдай сәт сайын күрделене түсуде", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада аурухана төңірегінде кескілескен ұрыс жалғасып жатқаны, жарылыс дыбыстары естілгені атап өтілді.
Еске сала кетейік, 7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше мың зымыран атып, "Әл-Ақса тасқыны" операциясының басталғанын жариялады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды.
Израильде жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты, оның ішінде 300 әскери бар, 5 мыңнан астамы жарақат алды.
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Палестинаға 1 млн доллар аударды. Бұл шешімді Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті барысында Қазақстан президенті жариялады. Қазақстан үкіметі бөлген қаражат БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым Палестина халқына жеті онжылдық бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді.