https://sputnik.kz/20231110/izrail-men-khamas-tutqyndarmen-almasuga-kelisti-40094872.html
Израиль мен ХАМАС тұтқындармен алмасуға келісті
Израиль мен ХАМАС тұтқындармен алмасуға келісті
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T19:39+0500
2023-11-10T19:39+0500
2023-11-12T10:19+0500
израиль
палестина
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39457966_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d7ab40a55c92048d97ff143b9c3b1e24.jpg
АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Израиль ұстаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған жүз израильдікке айырбастау туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше мың зымыран атып, "Әл-Ақса тасқыны" операциясының басталғанын жариялады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты, оның ішінде 300 әскери бар, 5 мыңнан астамы жарақат алды.Бұған жауап ретінде Израиль армиясы Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газамен шекараға жақын орналасқан барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде бейбіт тұрғындарға әуеден соққы бере бастады. Газа секторының тұрғындары Израильдің жаппай әуеден бомбалауынан және анклавтың толық блокадасы салдарынан болған азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегіп отыр.Газа секторында құрбан болғандар саны 10 мыңнан асты. 24,8 мыңнан астам адам жараланған. Түрлі дереккөздердің хабарлауынша, 150-ге жуық израильдік Хамастың тұтқынында болуы мүмкін. Қозғалыстың өзі Газа секторында 200-250-дей тұтқын бар екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20231110/izrail-tarapy-gaza-sektorynan-qazaqstandyqtardy-evakuatsiyalauga-bar-kush-zhigerin-salady--40088631.html
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39457966_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_44709a8c81883ebb3ee396d7e73b7048.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина
Израиль мен ХАМАС тұтқындармен алмасуға келісті
19:39 10.11.2023 (жаңартылды: 10:19 12.11.2023) Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады
АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Израиль ұстаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған жүз израильдікке айырбастау туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.
"Израиль ұстаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған жүз израильдікке айырбастау туралы келісімге қол жеткізілді", - деп хабарлайды телеарна.
7 қазанда ХАМАС Израильге бірнеше мың зымыран атып, "Әл-Ақса тасқыны" операциясының басталғанын жариялады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, әскерилерге де, бейбіт тұрғындарға да оқ жаудырды, сонымен қатар 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты, оның ішінде 300 әскери бар, 5 мыңнан астамы жарақат алды.
Бұған жауап ретінде Израиль армиясы Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газамен шекараға жақын орналасқан барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде бейбіт тұрғындарға әуеден соққы бере бастады. Газа секторының тұрғындары Израильдің жаппай әуеден бомбалауынан және анклавтың толық блокадасы салдарынан болған азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегіп отыр.
Газа секторында құрбан болғандар саны 10 мыңнан асты. 24,8 мыңнан астам адам жараланған. Түрлі дереккөздердің хабарлауынша, 150-ге жуық израильдік Хамастың тұтқынында болуы мүмкін. Қозғалыстың өзі Газа секторында 200-250-дей тұтқын бар екенін мәлімдеді.