https://sputnik.kz/20231112/kindik-kesu-dasturi-turaly-ne-bilemiz-40111083.html
"Кіндік кесу" дәстүрі туралы не білеміз
"Кіндік кесу" дәстүрі туралы не білеміз
Sputnik Қазақстан
Балаға "кіндік ана" болғысы келген әйел жүкті келіншекті үйіне дәмге шақырып, мол дастарқан жайып, "Қарын той" жасайды. Көрші-қолаңдарын шақырып, балаға кіндік ана болатынын ескертеді.
2023-11-12T17:31+0500
2023-11-12T17:31+0500
2023-11-12T17:31+0500
дерекқор
кіндік шеше
кіндік кесу
салт-дәстүр
нәресте
https://sputnik.kz/img/230/31/2303165_0:84:1069:685_1920x0_80_0_0_3e2c0a780cbab963001aad7f41492417.jpg
Жүкті әйелді қалай күтедіДүниеге жаңа келген сәбидің кіндігін кесуді өз алдына дәстүрге айналдырудың астарында да ұлттың ұлағаты жатса керек. Балаға "кіндік ана" болғысы келген әйел жүкті келіншекті үйіне дәмге шақырып, мол дастарқан жайып, "Қарын той" жасайды. Көрші-қолаңдарын шақырып, балаға кіндік ана болатынын ескертеді.Осыдан кейін кіндік ана жүкті әйелді өз күтіміне алған. Ол болашақ кіндік баласының өмірге аман-есен келуіне барынша жағдай жасаған. Оның жерік асын даярлап, жерігінен шығарған. Тіпті жылы жүріп, ыңғайлы киінуі үшін де көмегін аямаған. Кейбір кіндік шешелер аман-есен босансын деп ырымдап, жүкті әйелдің үстіне көйлек тігіп берген.Нәрестенің кіндігін кесуӘйелдің айы-күні жетіп, толғақ басталғанда кіндік шешесі қасында болады. Тарихқа үңілсек, босанатын әйелге жеке үй дайындалған. Кіндік шешесі от жағып, су жылытқан. Үйдің іші-сырты дүние-мүлкін мұнтаздай етіп тазалаған. Босанатын әйелдің үйіндегі кез келген шараға негізі кіндік шеше ұйытқы болған. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрған және олай-бұлай жүруіне де рұқсат етілген. Ананы босандырып, баланың кіндігін кеседі. Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Бала босанып жатқан үйге тұрмысқа шықпаған қыз немесе бала тумаған әйел кірмеген. Бұл ырымның да өзіндік тәрбиесі бар. Бала туып көрмеген әйел босану үстіне кірсе, бала көтермей қалады деген ырым бар.Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, "Алаш" халықаралық сыйлығының лауреаты Тоқтар Мағзұмовтың айтуынша, бүгінде халық кіндік кесу ырымына салғырт қарайды."Қазіргі күні ұрпағымыздың кіндігін кім кесіп жатқанын білмейміз. Әйтеуір перзентханаға барады, сол жерден босанып шығады. Оның кіндігін қай ұлт, қандай адам кесті, еш хабарымыз жоқ. Қазіргі жаңа туған нәрестенің жолдасы қоқысқа кетіп жатыр. Ал ата-бабамыз баланың жолдасын да қастерлеген. Оны көметін арнайы жері болған. Бұрын ұл баланың жолдасын алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Өйткені ер азығы жолда дейтін қазақ ұлдарын батыр болсын, аттың жалын тартып мініп, жорық жасап, ел қамын ойлайтын азамат болсын деп ырымдаған. Ал кіндікті табалдырық астына көмген. Өйткені ол босағаның, сол шаңырақтың иесі деп есептелген", - дейді Тоқтар Мағзұмов.Бала кіндік шешесіне тартадыҚазақтар әркімге бір баланың кіндігін кестіре бермеген. Қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде абыройлы, ақжарқын мінезді, мінезі елге үлгілі, ақылды аналарға ғана кестірген. Өйткені бала кіндігінкескен адамға тартады, кіндік анасы қандай болса, бала дәл сондай болады деп ырымдайды. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы кіндік шешеге тартады деген түсінік бар.Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың "жол менікі" деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. "Кіндік шеше" деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болған.Кіндік анасы атанған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ істеп беріп көмектеседі.Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйел "кіндік кесер" кәдесін алады. Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға беріледі.
https://sputnik.kz/20181210/bala-qyrqynan-shygaru-dasturi-8431571.html
https://sputnik.kz/20191108/azata-bolan-zho-Sndet-toydy-drkretp-tkzu-dstr-aydan-keld-11991108.html
https://sputnik.kz/20181012/bata-beru-dastur-7570543.html
https://sputnik.kz/20180826/islam-dini-cabi-salt-6982662.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/230/31/2303165_23:0:1047:768_1920x0_80_0_0_558c1558d54825b39778998baa2c5241.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кіндік кесу дәстүрі салт кіндік шеше крестная мать қарын той кіндік ана жүкті ана нәрестенің кіндігі
кіндік кесу дәстүрі салт кіндік шеше крестная мать қарын той кіндік ана жүкті ана нәрестенің кіндігі
"Кіндік кесу" дәстүрі туралы не білеміз
Ықылым заманнан келе жатқан қай дәстүрді алып қарасаң да, тәрбиелік мәні зор. Sputnik Қазақстан солардың бірі "Кіндік кесу" туралы қызықты деректерді ұсынады
Жүкті әйелді қалай күтеді
Дүниеге жаңа келген сәбидің кіндігін кесуді өз алдына дәстүрге айналдырудың астарында да ұлттың ұлағаты жатса керек. Балаға "кіндік ана" болғысы келген әйел жүкті келіншекті үйіне дәмге шақырып, мол дастарқан жайып, "Қарын той" жасайды. Көрші-қолаңдарын шақырып, балаға кіндік ана болатынын ескертеді.
Осыдан кейін кіндік ана жүкті әйелді өз күтіміне алған. Ол болашақ кіндік баласының өмірге аман-есен келуіне барынша жағдай жасаған. Оның жерік асын даярлап, жерігінен шығарған. Тіпті жылы жүріп, ыңғайлы киінуі үшін де көмегін аямаған. Кейбір кіндік шешелер аман-есен босансын деп ырымдап, жүкті әйелдің үстіне көйлек тігіп берген.
Әйелдің айы-күні жетіп, толғақ басталғанда кіндік шешесі қасында болады. Тарихқа үңілсек, босанатын әйелге жеке үй дайындалған. Кіндік шешесі от жағып, су жылытқан. Үйдің іші-сырты дүние-мүлкін мұнтаздай етіп тазалаған. Босанатын әйелдің үйіндегі кез келген шараға негізі кіндік шеше ұйытқы болған. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрған және олай-бұлай жүруіне де рұқсат етілген. Ананы босандырып, баланың кіндігін кеседі. Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Бала босанып жатқан үйге тұрмысқа шықпаған қыз немесе бала тумаған әйел кірмеген. Бұл ырымның да өзіндік тәрбиесі бар. Бала туып көрмеген әйел босану үстіне кірсе, бала көтермей қалады деген ырым бар.
Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, "Алаш" халықаралық сыйлығының лауреаты Тоқтар Мағзұмовтың айтуынша, бүгінде халық кіндік кесу ырымына салғырт қарайды.
"Қазіргі күні ұрпағымыздың кіндігін кім кесіп жатқанын білмейміз. Әйтеуір перзентханаға барады, сол жерден босанып шығады. Оның кіндігін қай ұлт, қандай адам кесті, еш хабарымыз жоқ. Қазіргі жаңа туған нәрестенің жолдасы қоқысқа кетіп жатыр. Ал ата-бабамыз баланың жолдасын да қастерлеген. Оны көметін арнайы жері болған. Бұрын ұл баланың жолдасын алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Өйткені ер азығы жолда дейтін қазақ ұлдарын батыр болсын, аттың жалын тартып мініп, жорық жасап, ел қамын ойлайтын азамат болсын деп ырымдаған. Ал кіндікті табалдырық астына көмген. Өйткені ол босағаның, сол шаңырақтың иесі деп есептелген", - дейді Тоқтар Мағзұмов.
Бала кіндік шешесіне тартады
Қазақтар әркімге бір баланың кіндігін кестіре бермеген. Қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде абыройлы, ақжарқын мінезді, мінезі елге үлгілі, ақылды аналарға ғана кестірген. Өйткені бала кіндігінкескен адамға тартады, кіндік анасы қандай болса, бала дәл сондай болады деп ырымдайды. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы кіндік шешеге тартады деген түсінік бар.
Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың "жол менікі" деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. "Кіндік шеше" деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болған.
Кіндік анасы атанған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ істеп беріп көмектеседі.
Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйел "кіндік кесер" кәдесін алады. Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға беріледі.