https://sputnik.kz/20231111/qazaqstanda-sausaq-izin-tapsyru-erikti-bolady-40098597.html
Қазақстанда саусақ ізін тапсыру ерікті болады
Қазақстанда саусақ ізін тапсыру ерікті болады
Sputnik Қазақстан
Шетелдіктер шекарадан өткен кезде саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T10:51+0500
2023-11-11T10:51+0500
2023-11-11T10:51+0500
қоғам
саусақ ізі
https://sputnik.kz/img/844/28/8442803_0:1:3072:1729_1920x0_80_0_0_335b0ce7b6f114d67a07b07f7334dddc.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Келесі жылы елімізде саусақ іздерін тапсыруға ешкімді мәжбүрлемейді. Бұл процесс ерікті түрде жүргізіледі.Ішкі істер министрлігі әуелдегі шешімінен айнып, тиісті құжатқа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды КТК арнасы.Бұған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны хабарланған болатын. Ішкі істер министрлігі 16 жасқа толған қазақстандықтарды дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттеуді жоспарлаған еді. Телеарна ақпаратынша, бұл бастама ең әуелі криминалистер жұмысын жеңілдетеді. Ішкі істер министрлігі адам жоғалған жағдайда, я түрі танымастай өзгерген сәтте жеке басын анықтауға мүмкіндік береді деп отыр. Саусақ ізін алу процедурасы адам өмірінде бір-ақ рет өткізіледі. Оны тапсыру-тапсырмау туралы шешімді әркім өзі қабылдайды.
https://sputnik.kz/20231030/sausaq-izin-tapsyrady-39743742.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/844/28/8442803_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_85eca5de6f826e021ca76b6edb86e243.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саусақ ізі
Қазақстанда саусақ ізін тапсыру ерікті болады
Шетелдіктер шекарадан өткен кезде саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Келесі жылы елімізде саусақ іздерін тапсыруға ешкімді мәжбүрлемейді. Бұл процесс ерікті түрде жүргізіледі.
Ішкі істер министрлігі әуелдегі шешімінен айнып, тиісті құжатқа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды
КТК арнасы.
"Бүгінде шешім қабылданып, заң жобасына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті түрде тіркеу мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізіліп жатыр. Шетелдіктер үшін дактилоскопия шекарадан өту кезінде міндетті болып қала береді, бірақ ел ішінде құжат рәсімдеу кезінде ол ерікті болады", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов.
Бұған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны хабарланған болатын. Ішкі істер министрлігі 16 жасқа толған қазақстандықтарды дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттеуді жоспарлаған еді.
Телеарна ақпаратынша, бұл бастама ең әуелі криминалистер жұмысын жеңілдетеді. Ішкі істер министрлігі адам жоғалған жағдайда, я түрі танымастай өзгерген сәтте жеке басын анықтауға мүмкіндік береді деп отыр. Саусақ ізін алу процедурасы адам өмірінде бір-ақ рет өткізіледі. Оны тапсыру-тапсырмау туралы шешімді әркім өзі қабылдайды.