https://sputnik.kz/20231030/sausaq-izin-tapsyrady-39743742.html
Қазақстандықтар саусақ ізін тапсырады – ІІМ көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді
Қазақстандықтар саусақ ізін тапсырады – ІІМ көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді
Sputnik Қазақстан
2024 жылдан бастап Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтеді
2023-10-30T08:18+0500
2023-10-30T08:18+0500
2023-10-30T08:33+0500
қоғам
саусақ ізі
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/101/43/1014314_0:0:2447:1376_1920x0_80_0_0_f978d3c0a480a5519f8b96ff3b982ab4.jpg
Қазақстанда "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң 2016 жылы қабылданған. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Азаматтардың саусақ іздері қай уақытта алынады? Дактилоскопия халықтың өмірін қалай жеңілдетеді? Саусақ іздері ұрланса, хакерлер оны қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін бе? Sputnik Қазақстан осы және өзге де сұрақтардың жауабын ішкі істер министрлігінен сұрап білді.Саусақ іздері не үшін қажетІшкі істер министрлігі ешкімді саусақ ізін тапсыруға мәжбүрлемейміз деп сендіріп отыр. Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.Мысалы, жарамдылық мерзімі аяқталып не жоғалып, құжатты қайта қалпына келтірген кезде саусақ ізін тапсыруға тура келеді.Құжат жасату процесі ХҚКО-ларда әдеттегідей өтеді. Тек саусақ ізі алынатындықтан, қосымша 5-10 минут уақыт кетеді. Осыдан кейін жеке құжатқа саусақ ізі түрінде қосымша қорғаныс енгізіледі.Кімдер саусақ ізін тапсырмайдыҚазақстанда жеке куәлік 16 жастан бастап берілетіндіктен, саусақ іздері де 16 жасқа толған азаматтардан алынады.12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ерікті негізде дактилоскопиялық тіркеуге жатады. Ал 12 жасқа толмаған балалардан саусақ ізі алынбайды.Бұдан бөлек қос қолынан айырылған адамдар да дактилоскопиялық тіркеуден өтпейді."Дене кемістігі бар адамдар, яғни екі қолында саусақтары жоқ немесе екі қолының саусақтарының тырнақ фалангтарында папиллярлық үлгілер болмаса, олар дактилоскопиялық тіркеуден босатылады", - деп нақтылады ІІМ.Саусақ іздері қалай қорғаладыСаусақ іздері туралы ақпарат мәліметтер базасында электронды кодталған түрде сақталады."Саусақ іздері туралы ақпарат толығымен иесіздендірілген. Бұл дегеніміз, мәліметтер базасында саусақ ізінің тек сандық моделі және бірегей идентификатор болады. Онда дербес деректер, адамның аты-жөні және ЖСН (ИИН) жоқ. Жүйені иесіздендіру автоматты түрде жүреді", - деп түсіндірді министрліктегілер.Қазір мемлекеттік органдар жүйені сынақтан өткізіп жатыр. Алынған биометриялық деректердің сақталуы мен оларды пайдалануға ІІМ жауапты болады.Саусақ іздерін хакерлер ұрласа, не боладыІшкі істер министрлігі хакерлер саусақ іздерін ұрлаған күннің өзінде оны пайдалана алмайтынын атап өтті."Деректерді рұқсатсыз кіруден қорғауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын шифрлау қолданылды. Мысалы, егер қаскөйлер қандай да бір деректерді алса, олар оны түсіне алмайды, яғни мағынасыз таңбалар жиынтығын алады. Криминалистика мамандары электронды іздерді материалдық объектіге түсіру мүмкін емес екенін біледі. Яғни, цифрлық іздерді "тіріге айналдыру" мүмкін емес. Сандық түрде сақталған саусақ іздері май сияқты қасиеттерге ие емес, сондықтан электронды іздерді заттарға түсіру мүмкін емес", - дейді министрліктегілер.Мысалы, оқиға орнында құрылымы бойынша көлемді және құрамында майлы зат (тері арқылы шығатын тер) бар қол іздері қалады. Ал 3D принтермен жасалған саусақ іздері саусақ үлгісін, пішінін, өлшемін қайталайды, яғни тек сыртқы құрылымды көрсетеді. Сонымен қатар, олар "тірі" ізде бар жеке белгілерді (саусақ ізінің папиллярлық сызығы құрылымының микроскопиялық белгілері (пішіні, өлшемдері, ойықтары) бермейді.Қылмыс орнынан алынған саусақ ізін микроскопиялық зерттеу кезінде бұл тірі адамның ізі немесе 3D басып шығарылған саусақ ізінің көшірмесі екенін бірден көруге болады.Сонымен қатар, іздің тер тәрізді затына ДНҚ-зерттеуін жүргізуге болады. Тіпті жоғары дәлдіктегі, қымбат 3D принтерлердің өзі адамның жеке басын анықтайтын саусақ іздерінің микроскопиялық белгілерін шығармайды, деп түсіндірді ІІМ.Дактилоскопия халықтың өмірін қалай жеңілдетедіІшкі істер министрлігі саусақ іздерін тапсыру қазақстандықтардың өмірін біршама жеңілдетеді деп сендіріп отыр.Біріншіден, дактилоскопия жалған құжат жасаудан, азаматтарды алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді.Екіншіден, күнделікті өмірде де, жазатайым оқиғалар кезінде де жеке басын куәландыратын құжаттарды қайта жасату рәсімін жеңілдетеді және жылдамдатады. Сондай-ақ шетелде жүріп құжатын жоғалтқан азаматтардың да жеке басын анықтау процесін тездетеді.Жеке құжаттарға қосымша дактилоскопиялық деректер енгізілгеннен кейін үшінші тұлғалар, соның ішінде қылмыскерлер мұндай құжаттарды пайдалана алмайды.Үшіншіден, дактилоскопиялық тіркеу енгізілсе, Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан оңай өтеді."Мысалы, паспорт чипінде саусақ іздері болса, шекарадан өткен кезде оларды қайта тапсырудың қажеті жоқ. Бұл бүгінгі таңда ең дәл биометрия", - дейді құқық қорғаушылар.Төртіншіден, жоғалып кеткен қазақстандықтарды, ел аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды іздестіру процесі жеделдейді.Саусақ ізін тапсырудан бас тартқандар қалай жазаланады"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 443-1 бабы бойынша міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқаны үшін 2 АЕК (биыл 6 900 теңге) айыппұл салынады.Алайда ішкі істер министрлігі әкімшілік жазаның алынып тасталуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды."Бәлкім, бұл адамдарды заңды орындауға ынталандыру үшін шамадан тыс қабылданған шара шығар. Бұл норма әлі де талқылануда", - дейді ведомстводағылар.Дактилоскопиялық сканерлерге бюджеттен қанша ақша бөліндіДактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңды іске асыру үшін ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат серверлік, лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық кешендерді жабдықтау, дактосканерлер алу, қызметкерлерді оқыту және тағы басқа мақсаттарға жұмсалды."Биылдан бастап бөлінген қаражатқа қажетті жабдықтар кезең-кезеңмен алынды. Қосымша ештеңе қажет емес. Жабдықтар орнатылып, дактилоскопиялық сканерлер сатып алынды", - деп нақтылады ІІМ.Қазақстан қай елдердің тәжірибесін зерттедіІІМ әлемнің көптеген елінде дактилоскопиялық және геномдық тіркеу міндеті бұрыннан бар екенін атап өтті.БҰҰ статистика бюросының дерегінше, 2002 жылдан бері 60-тан астам, ал 2009 жылдан бері 118 ел биометриялық тіркеуді (саусақ іздері, көздің нұрлы қабығы, адам бетінің екі өлшемді және үш өлшемді кескіні, ДНҚ, қолтаңба) енгізу бойынша ұлттық жобаларды жүзеге асыра бастады.Мәселен, Германия, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Үндістанда құжат алу кезінде дактилоскопиялық тіркеу міндетті рәсім саналады.Оның үстіне Қазақстан 1992 жылдан бері ICAO-ға мүше, ұйымның талаптары мен ұсынымдарын ұстануға міндетті. Ал ICAO ұсынымына сәйкес жол жүру құжаттарында азаматтың кемінде екі биометриялық деректері болуға тиіс – бұл түрлі-түсті цифрлық фотосурет және саусақ іздері."Дактилоскопиялық тіркеу дактилоскопиялық ақпарат негізінде азаматтың жеке басын анықтау және растау мақсатында жүргізіледі. Жеке басын куәландыратын құжаттарға саусақ іздерін енгізу азаматтың құқықтары мен дербес деректерін қорғауға бағытталған", - деп түсіндірді ІІМ міндетті дактилоскопияның енгізілу себебін.ICAO (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) – БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Ұйым азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілеп, қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіреді.
https://sputnik.kz/20230925/qazaqstandyqtar-sausaq-izderin-tapsyruga-mindetteledi---ishki-ister-ministrligi-38755949.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/101/43/1014314_65:0:2364:1724_1920x0_80_0_0_63ed08c9e491afc79449b6c7a9b4e4cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саусақ іздерін тапсыру 2024 міндетті дактилоскопия отпечатки пальцев
саусақ іздерін тапсыру 2024 міндетті дактилоскопия отпечатки пальцев
Қазақстандықтар саусақ ізін тапсырады – ІІМ көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді
08:18 30.10.2023 (жаңартылды: 08:33 30.10.2023) 2024 жылдан бастап Қазақстанның 16 жасқа толған барлық азаматы және елде тұрақты тұратын шетелдіктер саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өтеді
Қазақстанда "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң 2016 жылы қабылданған. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Азаматтардың саусақ іздері қай уақытта алынады? Дактилоскопия халықтың өмірін қалай жеңілдетеді? Саусақ іздері ұрланса, хакерлер оны қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін бе?
Sputnik Қазақстан осы және өзге де сұрақтардың жауабын ішкі істер министрлігінен сұрап білді.
Саусақ іздері не үшін қажет
Ішкі істер министрлігі ешкімді саусақ ізін тапсыруға мәжбүрлемейміз деп сендіріп отыр. Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа паспорт немесе жеке куәлік жасатқан кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.
"Саусақ іздерін алу ХҚКО-да Қазақстан азаматының жеке куәлігін, төлқұжатын, шетелдіктің тұру ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеу кезінде жүргізіледі", - дейді министрліктегілер.
Мысалы, жарамдылық мерзімі аяқталып не жоғалып, құжатты қайта қалпына келтірген кезде саусақ ізін тапсыруға тура келеді.
Құжат жасату процесі ХҚКО-ларда әдеттегідей өтеді. Тек саусақ ізі алынатындықтан, қосымша 5-10 минут уақыт кетеді. Осыдан кейін жеке құжатқа саусақ ізі түрінде қосымша қорғаныс енгізіледі.
Кімдер саусақ ізін тапсырмайды
Қазақстанда жеке куәлік 16 жастан бастап берілетіндіктен, саусақ іздері де 16 жасқа толған азаматтардан алынады.
12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ерікті негізде дактилоскопиялық тіркеуге жатады. Ал 12 жасқа толмаған балалардан саусақ ізі алынбайды.
Бұдан бөлек қос қолынан айырылған адамдар да дактилоскопиялық тіркеуден өтпейді.
"Дене кемістігі бар адамдар, яғни екі қолында саусақтары жоқ немесе екі қолының саусақтарының тырнақ фалангтарында папиллярлық үлгілер болмаса, олар дактилоскопиялық тіркеуден босатылады", - деп нақтылады ІІМ.
Саусақ іздері қалай қорғалады
Саусақ іздері туралы ақпарат мәліметтер базасында электронды кодталған түрде сақталады.
"Саусақ іздері туралы ақпарат толығымен иесіздендірілген. Бұл дегеніміз, мәліметтер базасында саусақ ізінің тек сандық моделі және бірегей идентификатор болады. Онда дербес деректер, адамның аты-жөні және ЖСН (ИИН) жоқ. Жүйені иесіздендіру автоматты түрде жүреді", - деп түсіндірді министрліктегілер.
Қазір мемлекеттік органдар жүйені сынақтан өткізіп жатыр.
Алынған биометриялық деректердің сақталуы мен оларды пайдалануға ІІМ жауапты болады.
Саусақ іздерін хакерлер ұрласа, не болады
Ішкі істер министрлігі хакерлер саусақ іздерін ұрлаған күннің өзінде оны пайдалана алмайтынын атап өтті.
"Деректерді рұқсатсыз кіруден қорғауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын шифрлау қолданылды. Мысалы, егер қаскөйлер қандай да бір деректерді алса, олар оны түсіне алмайды, яғни мағынасыз таңбалар жиынтығын алады. Криминалистика мамандары электронды іздерді материалдық объектіге түсіру мүмкін емес екенін біледі. Яғни, цифрлық іздерді "тіріге айналдыру" мүмкін емес. Сандық түрде сақталған саусақ іздері май сияқты қасиеттерге ие емес, сондықтан электронды іздерді заттарға түсіру мүмкін емес", - дейді министрліктегілер.
Мысалы, оқиға орнында құрылымы бойынша көлемді және құрамында майлы зат (тері арқылы шығатын тер) бар қол іздері қалады. Ал 3D принтермен жасалған саусақ іздері саусақ үлгісін, пішінін, өлшемін қайталайды, яғни тек сыртқы құрылымды көрсетеді. Сонымен қатар, олар "тірі" ізде бар жеке белгілерді (саусақ ізінің папиллярлық сызығы құрылымының микроскопиялық белгілері (пішіні, өлшемдері, ойықтары) бермейді.
Қылмыс орнынан алынған саусақ ізін микроскопиялық зерттеу кезінде бұл тірі адамның ізі немесе 3D басып шығарылған саусақ ізінің көшірмесі екенін бірден көруге болады.
Сонымен қатар, іздің тер тәрізді затына ДНҚ-зерттеуін жүргізуге болады. Тіпті жоғары дәлдіктегі, қымбат 3D принтерлердің өзі адамның жеке басын анықтайтын саусақ іздерінің микроскопиялық белгілерін шығармайды, деп түсіндірді ІІМ.
Дактилоскопия халықтың өмірін қалай жеңілдетеді
Ішкі істер министрлігі саусақ іздерін тапсыру қазақстандықтардың өмірін біршама жеңілдетеді деп сендіріп отыр.
Біріншіден, дактилоскопия жалған құжат жасаудан, азаматтарды алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, күнделікті өмірде де, жазатайым оқиғалар кезінде де жеке басын куәландыратын құжаттарды қайта жасату рәсімін жеңілдетеді және жылдамдатады. Сондай-ақ шетелде жүріп құжатын жоғалтқан азаматтардың да жеке басын анықтау процесін тездетеді.
Жеке құжаттарға қосымша дактилоскопиялық деректер енгізілгеннен кейін үшінші тұлғалар, соның ішінде қылмыскерлер мұндай құжаттарды пайдалана алмайды.
Үшіншіден, дактилоскопиялық тіркеу енгізілсе, Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан оңай өтеді.
"Мысалы, паспорт чипінде саусақ іздері болса, шекарадан өткен кезде оларды қайта тапсырудың қажеті жоқ. Бұл бүгінгі таңда ең дәл биометрия", - дейді құқық қорғаушылар.
Төртіншіден, жоғалып кеткен қазақстандықтарды, ел аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды іздестіру процесі жеделдейді.
Саусақ ізін тапсырудан бас тартқандар қалай жазаланады
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 443-1 бабы бойынша міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқаны үшін 2 АЕК (биыл 6 900 теңге) айыппұл салынады.
Алайда ішкі істер министрлігі әкімшілік жазаның алынып тасталуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
"Бәлкім, бұл адамдарды заңды орындауға ынталандыру үшін шамадан тыс қабылданған шара шығар. Бұл норма әлі де талқылануда", - дейді ведомстводағылар.
Дактилоскопиялық сканерлерге бюджеттен қанша ақша бөлінді
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңды іске асыру үшін ішкі істер министрлігіне 14,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат серверлік, лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық кешендерді жабдықтау, дактосканерлер алу, қызметкерлерді оқыту және тағы басқа мақсаттарға жұмсалды.
"Биылдан бастап бөлінген қаражатқа қажетті жабдықтар кезең-кезеңмен алынды. Қосымша ештеңе қажет емес. Жабдықтар орнатылып, дактилоскопиялық сканерлер сатып алынды", - деп нақтылады ІІМ.
Қазақстан қай елдердің тәжірибесін зерттеді
ІІМ әлемнің көптеген елінде дактилоскопиялық және геномдық тіркеу міндеті бұрыннан бар екенін атап өтті.
БҰҰ статистика бюросының дерегінше, 2002 жылдан бері 60-тан астам, ал 2009 жылдан бері 118 ел биометриялық тіркеуді (саусақ іздері, көздің нұрлы қабығы, адам бетінің екі өлшемді және үш өлшемді кескіні, ДНҚ, қолтаңба) енгізу бойынша ұлттық жобаларды жүзеге асыра бастады.
Мәселен, Германия, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Үндістанда құжат алу кезінде дактилоскопиялық тіркеу міндетті рәсім саналады.
Оның үстіне Қазақстан 1992 жылдан бері ICAO-ға мүше, ұйымның талаптары мен ұсынымдарын ұстануға міндетті. Ал ICAO ұсынымына сәйкес жол жүру құжаттарында азаматтың кемінде екі биометриялық деректері болуға тиіс – бұл түрлі-түсті цифрлық фотосурет және саусақ іздері.
"Дактилоскопиялық тіркеу дактилоскопиялық ақпарат негізінде азаматтың жеке басын анықтау және растау мақсатында жүргізіледі. Жеке басын куәландыратын құжаттарға саусақ іздерін енгізу азаматтың құқықтары мен дербес деректерін қорғауға бағытталған", - деп түсіндірді ІІМ міндетті дактилоскопияның енгізілу себебін.
ICAO (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) – БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Ұйым азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілеп, қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіреді.