https://sputnik.kz/20231111/qazaqstanda-99-algashqy-meditsinalyq-sanitariyalyq-komek-nysany-salynady-40099256.html
Қазақстанда 99 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынады
Қазақстанда 99 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынады
Sputnik Қазақстан
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында елімізде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі салынады 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T19:49+0500
2023-11-11T19:49+0500
2023-11-11T19:49+0500
денсаулық
денсаулық сақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27476426_0:0:3213:1808_1920x0_80_0_0_7c30874089ad9c411ba74631dc8b7cd8.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Елімізде 99 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің құрылысы, сондай-ақ 4 көпбейінді аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Сұлтанғазиев халықпен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Ведомство ақпаратынша, ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында елімізде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі, оның ішінде Ақтөбе облысында 29 объекті (5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 20 медициналық пункт) салынады.Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақаттар және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын 32 ауданаралық орталық ауруханаға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізу жоспарланып отыр.Ақтөбе облысында Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарының жұмыс істеп тұрған орталық ауруханаларын көпбейінді ауданаралық ауруханаларға айналдыру жоспарлануда.Бұдан басқа, инсульт пен инфаркттан өлім-жітімді азайту мақсатында ел бойынша инсульт орталықтары желісін 81-ге дейін және коронарлық араласу орталықтарын 50-ге дейін кеңейту көзделген.
https://sputnik.kz/20231025/qazaqstandyq-darigerler-nauqastardy-onlayn-emdeui-mumkin-39641333.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27476426_0:0:2433:1825_1920x0_80_0_0_437e8f3bc0bcdae27dd34d00f6f77c01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау
Қазақстанда 99 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынады
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында елімізде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі салынады
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Елімізде 99 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің құрылысы, сондай-ақ 4 көпбейінді аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Сұлтанғазиев халықпен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство ақпаратынша, ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында елімізде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі, оның ішінде Ақтөбе облысында 29 объекті (5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 20 медициналық пункт) салынады.
Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақаттар және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын 32 ауданаралық орталық ауруханаға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізу жоспарланып отыр.
Ақтөбе облысында Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарының жұмыс істеп тұрған орталық ауруханаларын көпбейінді ауданаралық ауруханаларға айналдыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, инсульт пен инфаркттан өлім-жітімді азайту мақсатында ел бойынша инсульт орталықтары желісін 81-ге дейін және коронарлық араласу орталықтарын 50-ге дейін кеңейту көзделген.