Денсаулық

Қазақстандық дәрігерлер науқастарды онлайн емдеуі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2023
Жазылу
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға ұсынылатын қызметтер тізбесі де кеңейтілген
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Бұдан былай дәрігерлер науқастарды онлайн емдеуге мүмкіндік алуы ықтимал. Яғни, дертіне дауа іздеген қазақстандықтар қажетті маманға қоңырау шалып, қашықтан кеңес ала береді, деп хабарлайды "31 телеарна".
Денсаулық сақтау министрлігі осындай құжат ұсынып отыр. Оған сәйкес, қашықтан қабылдауға құқылы дәрігерлер тізімі кеңейтілмек. Енді педиатр, невропатолог, хирург, проктологтардан онлайн кеңес алуға мүмкіндік жасалады.
Қазақстандықтар кардиолог, пульмонолог, ревматолог, невропатолог, инфекционист, аллерголог, гастроэнтеролог дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады. Яғни, қоңырау шалу арқылы кеңес сұрайды.
Бұдан бөлек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға ұсынылатын қызметтер тізбесі де кеңейтілген. Бұл топтағы сырқаттар салалық медицина қызметкерлеріне хабарласа береді.
Сондай-ақ, жастар денсаулық орталықтары көрсететін медициналық қызметтердің де тізбесі ұлғайған. Оларға акушер-гинеколог, психолог, уролог, психотерапевтер қашықтан қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжат қазір талқылауға шығарылған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Ауруды ерте анықтаған учаскелік дәрігерлер жалақыға қосымша бонус алады
Жаңалықтар
0