Ауруды ерте анықтаған учаскелік дәрігерлер жалақыға қосымша бонус алады

© Sputnik/Ертай Сарбасов Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Учаскелік дәрігер онкологиялық аурудың, сондай-ақ туберкулездің әрбір ерте анықталған жағдайы үшін 17 250 теңге мөлшерінде бонус ала алады
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау саласында ауруды ерте анықтау үшін медицина қызметкерлерін ақшалай ынталандыру пилоттық жобасы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ауруларды ерте анықтау үшін мамандарды амбулаториялық-емханалық ұйым қызметінің сапасы мен нәтижесі үшін жалақыға қосымша ақы төлеу түріндегі көтермелеумен ынталандыратын пилоттық жоба басталды", - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында.
Мысалы, учаскелік дәрігер онкологиялық аурудың, сондай-ақ туберкулездің әрбір ерте анықталған жағдайы үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде бонус ала алады.
Барлығы 6 индикатор анықталған: медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын онкологиялық ауруларды, туберкулезді, ана мен бала өлімін ерте анықтау, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (миокард инфарктісі, инсульт, созылмалы жүрек жетіспеушілігі) асқынған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі, 2 типті қант диабеті асқынған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі.
Энергетикалық сусын - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусынды сатуға тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0