https://sputnik.kz/20230926/21-zhasqa-deyingi-qazaqstandyqtarga-energetikalyq-susyndy-satuga-tyyym-salynuy-mumkin-38788552.html
21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусынды сатуға тыйым салынуы мүмкін
21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусынды сатуға тыйым салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Темекі тартуды азайту үшін биыл 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы көтерілді 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T10:59+0500
2023-09-26T10:59+0500
2023-09-26T10:59+0500
энергетикалық сусын
https://sputnik.kz/img/403/01/4030156_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_2ec9fce2a542cdb9b549f52e36a0b31e.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу туралы норма талқыланып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, темекі тартуды азайту үшін биыл 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы көтерілді, вейптер, олардың хош иістендіргіштері мен сұйықтықтарының айналымына толық тыйым салу бойынша мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды.Ол елімізде ересек тұрғындардың 21%-і темекі тартатынын, балалардың 20%-і артық дене салмағынан, ал 6%-і семіздіктен зардап шегетінін атап өтті.11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейптерді тұрақты пайдаланады, 17,5%-і энергетикалық, тәтті сусындарды ішеді, ал 15 пайызында артық дене салмағы бар.Министрдің айтуынша, саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 452 саламатты өмір салты кабинеті, 4608 денсаулық мектебі, темекіге қарсы кабинет және 157 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/01/4030156_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0d5c0d03432d49b507c73642719e72e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
энергетикалық сусын
21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусынды сатуға тыйым салынуы мүмкін
Темекі тартуды азайту үшін биыл 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы көтерілді
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу туралы норма талқыланып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, темекі тартуды азайту үшін биыл 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы көтерілді, вейптер, олардың хош иістендіргіштері мен сұйықтықтарының айналымына толық тыйым салу бойынша мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды.
"21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Ол елімізде ересек тұрғындардың 21%-і темекі тартатынын, балалардың 20%-і артық дене салмағынан, ал 6%-і семіздіктен зардап шегетінін атап өтті.
11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейптерді тұрақты пайдаланады, 17,5%-і энергетикалық, тәтті сусындарды ішеді, ал 15 пайызында артық дене салмағы бар.
Министрдің айтуынша, саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 452 саламатты өмір салты кабинеті, 4608 денсаулық мектебі, темекіге қарсы кабинет және 157 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.