https://sputnik.kz/20231111/oralda-uylerdin-zhanynan-sibir-zharasymen-auyrgan-maldyn-qorymy-tabyldy-40102949.html
Оралда үйлердің жанынан сібір жарасымен ауырған малдың қорымы табылды
Оралда үйлердің жанынан сібір жарасымен ауырған малдың қорымы табылды
Sputnik Қазақстан
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, мұндай мал қорымдары аса қауіпті нысандарға жатады және бір шақырым жерде орналасуы қажет 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T15:24+0500
2023-11-11T15:24+0500
2023-11-11T15:24+0500
өңірлер
орал
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_0:0:2853:1605_1920x0_80_0_0_2afc136f7e5a8688c17300d419f25c19.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Орал қаласында үйлердің дәл жанынан сібір жарасы ауруы бар мал қорымдары табылды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Сабуровтың айтуынша, бір қорым үйден 15 метр шалғай жерде табылды. Ал екіншісі тұрғын үйден 50 мерт қашықтықта орналасқан. Бүгінде облыста сібір жарасы ауры бар 222 мал қорымы тіркелген. 2017-2023 жылдары бюджеттен ондай нысандарды қоршауға ақша да бөлінді. Бірақ басым бөлігі санитарлық талапқа сай келмейді."Мәселен, Сырым ауданында 32 қорымда қоршау мен ескерту тақтайшалары мүлдем жоқ. Ондай мысалар көп", - деді Сабуров қоғамдық кеңестің отырысында.Дерқұл ауылында ондай мал қорымы әкімдік ғимаратынан 83 метр шалғай жерде орналасқан. Ал санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, сібір жарасы ауруы бар мал қорымдары аса қауіпті нысандарға жатады және бір шақырым жерде орналасуы қажет.
https://sputnik.kz/20231026/qaragandy-oblysynda-bir-auylda-ush-adamnan-sibir-zharasy-anyqtaldy-39661687.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/922/22/9222298_272:0:2853:1936_1920x0_80_0_0_8ee15441e77108f91179e85f7843cf9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал
Оралда үйлердің жанынан сібір жарасымен ауырған малдың қорымы табылды
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, мұндай мал қорымдары аса қауіпті нысандарға жатады және бір шақырым жерде орналасуы қажет
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Орал қаласында үйлердің дәл жанынан сібір жарасы ауруы бар мал қорымдары табылды, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Сабуровтың айтуынша, бір қорым үйден 15 метр шалғай жерде табылды. Ал екіншісі тұрғын үйден 50 мерт қашықтықта орналасқан. Бүгінде облыста сібір жарасы ауры бар 222 мал қорымы тіркелген. 2017-2023 жылдары бюджеттен ондай нысандарды қоршауға ақша да бөлінді. Бірақ басым бөлігі санитарлық талапқа сай келмейді.
"Мәселен, Сырым ауданында 32 қорымда қоршау мен ескерту тақтайшалары мүлдем жоқ. Ондай мысалар көп", - деді Сабуров қоғамдық кеңестің отырысында.
Дерқұл ауылында ондай мал қорымы әкімдік ғимаратынан 83 метр шалғай жерде орналасқан. Ал санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, сібір жарасы ауруы бар мал қорымдары аса қауіпті нысандарға жатады және бір шақырым жерде орналасуы қажет.