https://sputnik.kz/20231026/qaragandy-oblysynda-bir-auylda-ush-adamnan-sibir-zharasy-anyqtaldy-39661687.html
Қарағанды облысында бір ауылда үш адамнан сібір жарасы анықталды
Қарағанды облысында бір ауылда үш адамнан сібір жарасы анықталды
Sputnik Қазақстан
Карантиндік шараларды сақтау үшін Жартас кентінен Топар кентіне екінші кіреберіс уақытша жабылды 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T14:53+0500
2023-10-26T14:53+0500
2023-10-26T14:53+0500
қауіпті ауру
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/old/1225/49/12254949_0:129:2899:1759_1920x0_80_0_0_064421592abcf753cfecf9ea38744d53.jpg
АЛМАТЫ, 26 қазан - Sputnik. Қарағанды облысы Топар кенті карантинге жабылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Топарда сібір жарасы анықталды.Мәжбүрлеп сойылған малдың еті тәркіленіп, мөрленіп, ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылатын болады. Кентте індетті оқшаулау және жою үшін барлық қажетті санитарлық-ветеринарлық эпизоотияға және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті арқылы ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан вакциналар мен дезинфекциялық құралдарға қажеттілік толық қамтамасыз етілген."Кентке Абай қаласынан кіре берісте көліктерді санитарлық өңдеуден өткізу үшін бекет орнатылды. Карантиндік шараларды сақтау үшін Жартас кентінен Топар кентіне екінші кіреберіс уақытша жабылды. Тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Сондай-ақ кенттен малды әкетуге және әкелуге, оны шаруашылықтар ішінде өткізуге, ауру малдың сүтін пайдалануға, мал союға және аумақтан жем мен жем-шөп қоспаларын әкетуге тыйым салынды", - дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20230902/densaulyq-saqtau-ministrligi-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-mal-etine-qatysty-pikir-bildirdi-38135198.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1225/49/12254949_191:0:2707:1887_1920x0_80_0_0_70e0fe16d8eae190fb2f985f054757fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қауіпті ауру, қарағанды облысы
қауіпті ауру, қарағанды облысы
Қарағанды облысында бір ауылда үш адамнан сібір жарасы анықталды
Карантиндік шараларды сақтау үшін Жартас кентінен Топар кентіне екінші кіреберіс уақытша жабылды
АЛМАТЫ, 26 қазан - Sputnik. Қарағанды облысы Топар кенті карантинге жабылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Топарда сібір жарасы анықталды.
"Жеке аулада қожайындары 8 айлық бұқаны союға мәжбүр болған. Мал иелерінің айтуынша, мал ауру күйде болған, етін сатуды жоспарламаған. Сол ауладағы үш адамнан сібір жарасы анықталды, тағы екі адам дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ олармен байланыста болған 30 адам анықталып, олармен профилактикалық іс-шаралар туралы түсіндірме әңгіме жүргізіліп, медициналық бақылау орнатылды", - дейді әкімдік.
Мәжбүрлеп сойылған малдың еті тәркіленіп, мөрленіп, ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылатын болады. Кентте індетті оқшаулау және жою үшін барлық қажетті санитарлық-ветеринарлық эпизоотияға және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті арқылы ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан вакциналар мен дезинфекциялық құралдарға қажеттілік толық қамтамасыз етілген.
"Кентке Абай қаласынан кіре берісте көліктерді санитарлық өңдеуден өткізу үшін бекет орнатылды. Карантиндік шараларды сақтау үшін Жартас кентінен Топар кентіне екінші кіреберіс уақытша жабылды. Тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Сондай-ақ кенттен малды әкетуге және әкелуге, оны шаруашылықтар ішінде өткізуге, ауру малдың сүтін пайдалануға, мал союға және аумақтан жем мен жем-шөп қоспаларын әкетуге тыйым салынды", - дейді ведомство.