https://sputnik.kz/20230902/densaulyq-saqtau-ministrligi-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-mal-etine-qatysty-pikir-bildirdi-38135198.html
Денсаулық сақтау министрлігі сібір жарасын жұқтырған мал етіне қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрлігі сібір жарасын жұқтырған мал етіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Сібір жарасы инфекциясының таралған ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді 02.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-02T17:47+0500
2023-09-02T17:47+0500
2023-09-02T17:47+0500
ақмола облысы
жұқпалы дерт
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0e/15197248_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_309e6daa333f37418d9c0d41ab540756.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында сібір жарасы жұқтырған мал еті туралы ақпаратты жоққа шығарып, оны сенімсіз деп атады. Жарқайың (11 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында сібір жарасына күдікті дерттің таралуына қатысты 13 факті анықталған соң, ол жерде карантин жарияланып, жолға бекеттер қойылды. Науқастардың барлығы Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС жұмысшылары. Кейіннен қазақстандықтар мессенджерлер арқылы сібір жарасын жұқтырған мал еті туралы бір-біріне ескерте бастады. Таралған ақпаратта ет елордалық дүкендердің сөрелеріне жеткен деп айтылып, жақын уақытта ет сатып алудан бас тартуға кеңес берілген. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты сенімсіз деп атады. Сондай-ақ ведомстводағылар тұрғындар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген деректерді жарияламауға шақырып, жағдай мемлекеттік органдардың бақылауында екенін баса хабарлады.
https://sputnik.kz/20230901/auyl-sharuashylygy-ministrligi-sibir-zharasy-turaly-qauesetti-zhoqqa-shygardy-38123515.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0e/15197248_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_87c0f4b561b98e196aec1d77c4b2d233.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жұқпалы дерт, мал шаруашылығы
ақмола облысы, жұқпалы дерт, мал шаруашылығы
Денсаулық сақтау министрлігі сібір жарасын жұқтырған мал етіне қатысты пікір білдірді
Сібір жарасы инфекциясының таралған ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында сібір жарасы жұқтырған мал еті туралы ақпаратты жоққа шығарып, оны сенімсіз деп атады.
Жарқайың (11 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында сібір жарасына күдікті дерттің таралуына қатысты 13 факті анықталған соң, ол жерде карантин жарияланып, жолға бекеттер қойылды.
Науқастардың барлығы Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС жұмысшылары.
Кейіннен қазақстандықтар мессенджерлер арқылы сібір жарасын жұқтырған мал еті туралы бір-біріне ескерте бастады. Таралған ақпаратта ет елордалық дүкендердің сөрелеріне жеткен деп айтылып, жақын уақытта ет сатып алудан бас тартуға кеңес берілген. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты сенімсіз деп атады.
"Зертханалық тексеруге 32 сынама алынды, оның ішінде 21 ет сынамасы, қоршаған орта нысандарынан 11 сынама және 20 жағынды, оның ішінде сібір жарасының ДНҚ-сы анықталған ПТР оң нәтиже көрсеткен 14 ет сынамасы бар. Барлық зерттелген аумақтарда дезинфекция жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін аумақтан алып шығуға шектеу шаралары енгізілді. 536 келі ет өртеу жолымен жойылды. Ет ауданнан тыс жерлерге шығарылмаған", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомстводағылар тұрғындар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген деректерді жарияламауға шақырып, жағдай мемлекеттік органдардың бақылауында екенін баса хабарлады.