Ауыл шаруашылығы министрлігі сібір жарасы туралы қауесетті жоққа шығарды
© Photo : Пресс-служба министерства сельского хозяйства Казахстана Үшқарасуға 1,7 мыңнан астам доза вакцина мен дезинфекциялау құралдары жеткізілді
Жазылу
Үшқарасу ауылына 1,7 мыңнан астам доза вакцина және 900 000 мл дезинфекциялау құралдары, сондай-ақ арнайы техника жеткізілді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында сібір жарасының өршуі бойынша жағдайды мемлекеттік органдар бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Әлеуметтік желіде таралған сауда сөрелеріне сібір жарасын жұқтырған малдың еті түскені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп атап өтті ведомство.
Ақмола облысының Қосшы қаласында сібір жарасы ошақтары бар деген хабарлама да жалған.
© Photo : Пресс-служба министерства сельского хозяйства Казахстана Үшқарасуға 1,7 мыңнан астам доза вакцина мен дезинфекциялау құралдары жеткізілді
Үшқарасуға 1,7 мыңнан астам доза вакцина мен дезинфекциялау құралдары жеткізілді
Айта кетері, Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында сібір жарасын жұқтырған науқастар тіркелді. Барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Аудандық полиция бөлімі ауылда ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуді шектейтін блок бекеттер қойып, карантин жариялады.
"Үшқарасу" ЖШС мал шаруашылығы кәсіпорнының директорынан малдың қырылғаны туралы хабарлама 28 тамызда түсті. Ет жедел түрде тәркіленіп, өлген мал жойылды", - деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазір Жарқайың ауданында СЭҚ, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, сондай-ақ ветеринария басқармасы қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы бар. Барлық тексерілген ошақта дезинфекция жүргізілді, әрі қарай зерттеу үшін топырақ пен жер асты суларының сынамасы алынды.
© Photo : Пресс-служба министерства сельского хозяйства Казахстана Үшқарасуға 1,7 мыңнан астам доза вакцина мен дезинфекциялау құралдары жеткізілді
Үшқарасуға 1,7 мыңнан астам доза вакцина мен дезинфекциялау құралдары жеткізілді
Ауылға 1,7 мыңнан астам доза вакцина және 900 000 мл дезинфекциялау құралдары, сондай-ақ ошақты тексеру және жою үшін қажетті барлық арнайы техника жеткізілді. Жергілікті жерде "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" РММ-нің 9 маманы жұмыс істеп жатыр.
Залалды бағалау және аурудан өлген мал үшін өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.